П 15 Пікір жазғандар



Pdf көрінісі
бет47/65
Дата27.11.2023
өлшемі0.97 Mb.
#484557
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   65
әдебиет теориясы

Өнердегі жаңашылдық деп тың тақырыпты бұрын қолданылмаған әдіспен көркем
тіл арқылы суреттеуді, соны мәселеге батыл шешім табуды, шығармалар жасауды
айтамыз. Жаңашылдық – әрқашан асқан творчестволық ізденістің нәтижесі, ол өнер өрісін
кеңейте түседі.
Блиц-тест.
1. Көркем дәлелдеу не үшін керек?
А) шығарманың тарихилық сипатын арттыру үшін В) кейіпкерлер іс-әрекеті мен
оқиғалардың нанымды суреттелуі үшін С) тақырып пен идея бірлігі
Д) шығарма тілінің әсерлілігі үшін Е) шығарманың проблемалық сипатын арттыру үшін


2. Гегель өнердің дамуын неше сатыға бөлді?
А) 2 В) 3.
С) 7 Д) 5 Е) 8
3. Өлеңмен жазылған повесть қалай аталады:
А) Поэма В) Сатира.С) Очерк. Д) Фельетон Е) Мысал.
4. Әдебиеттің даму заңдылықтарын және әдеби шығарма мен әдеби процеске ортақ негізгі
белгілерді айқындайтын ғылым?
А) Риторика. В) Әдебиет теориясы. С) Фольклористика. Д) Әдебиет сыны.
Е) Әдебиет тарихы.
5. «Әдебиет теориясының қарастыратыны – көркем әдебиеттің әлеуметтік мәні, халықтық
сипаты, қоғамға жасайтын ықпалы. Ол ғылыми зерттеудің методологиялық негіздерін
ұсынады, талдаудың принциптерін көрсетеді. Тұтас алғанда, әдебиет теориясын әдебиет
тану ғылымының көшбасшысы десе де болғандай» – деген пікірді айтушы ғалым?
А) Ысқақұлы Д. В) Нұрғалиев Р С) Қабдолов З. Д) Қаратев М.
Е) Байтұрсынов А
6. «Көркемдік танымның алғашқы нұсқаларына жататын пікірлер мен бейнелі ойлар
Орхон-Енисей, Талас-Шу ескерткіштерінде көптеп кездеседі. Мәселен, «Табғаш
халқының сөзі тәтті, бұйымы асыл еді. Тәтті сөз, асыл дүниесіне көп алданып, түркі халқы
қырылдың, түркі халқы жойылдың» – деген пікірді айтушы ғалым?
А) Егеубай А. В) Жолдасбеков М. С) Кенжебаев Б. Д) Базарбаев М.
Е) Дәдебаев Ж.
7. Қазақ әдебиеттану ғылымында әдебиет тарихын зерттеуді жеке дарын
шығармашылығын ғұмырнамалық бағытта сөз етуден бастаған, әдеби-тарихи ой-пікірдің
бір жүйеге түсіп нақтылана бастағанын көрсететін зерттеу қалай аталады?
А) К.Ысқақовтың «Абай Құнанбайұлының өмірі» атты мақаласы.
В) Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» оқулығы.
С) Ә.Бөкейхановтың «Қара қыпшақ Қобыланды» мақаласы.
Д) Ж.Басығариннің «Өлең, жыр, әндер» жинағы.
Е) «Айқап» пен «Қазақ» газеттері.
8. Қазақ әдебиетіндегі тұңғыш зерттеу еңбегі болып табылатын М.Әуезовтің «Әдебиет
тарихы» оқулығы қашан жарық көрді?
А) 1927 жылы. В) 1926 жылы. С) 1931 жылы. Д) 1919 жылы. Е) 1925 жылы.
9. ХХ ғасырдың отызыншы жылдары қазақтағы әдеби-теориялық ізденістердің шындап
қолға алынғандығын дәлелдейтін еңбектердің бірі қалай аталады?
А) Ж.Аймауытов. «Мағжанның ақындығы»
В) Тұрсынов Е. «Ақын типінің пайда болу дәуірі жөніндегі пікірлер»
С) Кенжебаев Б. «Қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу»
Д) Қоңыратбаев Ә. «ХХ ғасырдың аяғындағы әдеби тіл»
Е) Қирабаев С. «Ахметтің ақындығы»
10. Жылы Семейдегі әдебиет кешінде қазақ әдебиетінің тарихына шолу жасап, ұлттық
әдебиеттің өткені мен бүгінін саралаған ғылыми тұрғыда зерделеген баяндаманың
авторы?
А) Мәрсеков Р. В) Досмұхамедұлы Х. С) Сейфуллин С. Д) Аймауытов Ж.
Е) Байтұрсынов А.
Әдебиеттер:
1. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Санат, 2002.
2. Әдебиеттану терминдер сөздігі. – Алматы: Ана тілі, 1998.
3.Базарбаев М. Өлең – сөздің патшасы. – Алматы, 1996.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет