P c. Жақсылықбаева журналист этикасы Оқу қүралы


сақтан. Өсек деген не? Білесіңдер ме? Ол адамдар арасына от салу



Pdf көрінісі
бет48/280
Дата17.09.2022
өлшемі7.74 Mb.
#460870
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   280
Жаксылыкбаева Р.

сақтан. Өсек деген не? Білесіңдер ме? Ол адамдар арасына от салу 
үшін бір-біріне сөз тасу», «Дүниеде бес кесапат бар: салақ, олақ, 
содыр, ұрлық, қорқақ».
Мұсылман кұкығында қатып калган догма жоқ. Қандай да 
бір істі болмасын шариғат жолымен шешуге болады. Мұсылман 
кұқығының тұтастығы мен икемділігі жэне күштілігі де осыдан 
айқын көрінеді.
Кезінде қазақтың дала демократиясының өзіндік нормативті- 
қүқықтық негіздері болды. Ол эдетке, ғұрыпқа, ережеге негізделді. 
Билер сотында қаралатын жер дауы, жесір дауы, ер дауы, мүлік 
дауы осындай заңдарға негізделіп шешілді. Тіпті билер ең жиі 
қолданатын жаза айып салудың өзі күрделі құқыктық институт 
болды. Осы тұста академик Салык Зиманов: «Ортағасырлық казак 
коғамының бүкіл кұкықтық әлемінде негізгі билік «дала заңының» 
билігі болды. Ал оның корының сақтаушысы, реформаторы жэне 
жүзеге асырушы күші - билер болды. Би, ең алдымен, сот (судья). 
Бидің өзі де, билігі де түп-тамырымен халықтың тарихына байла­
нысты болды. Сол себепті ол беделді, дәстүрлі билік катарында


П тарау. Құқықтық журналистика және бүқаралық ақпарат ... 
39
болды. Би халықтың сана-сезімінде ақиқаттың ақ туын көтеруші 
ретінде сипатталады», - деп жазады (С. Зиманов, Қазақтың ата 
заңдары. 2001. 17 б.).
Би көшпелі қоғамда қашанда билік басынан ажырамаған тұлға, 
хан кеңесшісі қызметін атқарды. Бұл - «Түгел сөздің түбі бір, түп 
атасы - Майқы би» деп аталатын замандарда өмір сүрген Майқы 
биден бері үзілмей келе жатқан көшпелі қоғамның көп өзеріске 
ұшырамаған құқықтық дэстүрлі институты. Мөңке би өз бол- 
жамдарын жүйелеп, хатқа түсіре алған жоқ. Дегенмен, көшпелі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   280




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет