P c. Жақсылықбаева журналист этикасы Оқу қүралы


күні де білгір заңгер ғалымдарды қайран қалдырады. Уставтың ең



Pdf көрінісі
бет52/280
Дата17.09.2022
өлшемі7.74 Mb.
#460870
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   280
Жаксылыкбаева Р.

күні де білгір заңгер ғалымдарды қайран қалдырады. Уставтың ең 
негізгі идеясы - Қазақстанды Ресей отарынан шығару ж эне дер- 
бес тәуелсіз мемлекет құру. Бұл идеяны ол төңкеріс жасау неме- 
се құрылу күрес арқылы емес, керісінше, парламенттік жолмен, 
съезд шақыру, халық сайлаған депутаттардың шешім қабылдауы 
арқылы іс ж үзіне асыруды басты мақсат етіп қояды. «Уставтың» 
кіріспе сөзін де ол осы мақсаттағы ойларын былайша қорытады: 
«Жаңа заманда атыссыз, соғыссыз, қан төкпей, бейбіт жолмен 
өз ж ерімізде тәуелсіз ел болу мақсатында... жеке Қазақ елі рес- 
публикасын құрамыз» (Алматы ақшамы. - 2007. - 12-14 маусым. 
С. Өзбекұлы, Алғашқы Конституция жобасының авторы - Барлы­
бек Сыртанов).


42
Жақсылықбаева Р.С.
Журналист этикасы
Уставтың бірнеше баптарында Б. Сыртанов адам құқығының 
мемлекетте тиімді қорғалуының ең маңызды мәселелерінің сапы- 
на жатқызады. Оның ойынша, барлық демократиялық санаттағы 
қоғамда жеке адам дініне, нәсіліне, әлеуметтік жағдайына, шыққан 
тегіне, атқаратын қызметі мен лауазымына қарамастан заң ал- 
дында тең болуы тиіс. Бұл талап - өркениеттіліктің, еркіндік пен 
бостандықтың іргетасы. Уставта ол: «Қазақ елінде адам баласының 
бәрі тең құқылы. Дініне, қанына, тегіне, нәсіліне қарап адам- 
ды қорлауға жол жоқ. Адам тек закон мен құдай алдында жауап 
береді», - деп атап көрсетеді (Алматы ақшамы. - 2007. - 14 маусым. 
С.Өзбекұлы). Оның мұндай көрегендік саяси көзқарасы бүгінгі 
күннің талабына сай келетінін дүниежүзілік саяси-элеуметтік 
тэжірибе өзінен-өзі дэлелдеп отыр.
Демократиялық мемлекеттердегі жеке адамның еркін пікір 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   280




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет