P c. Жақсылықбаева журналист этикасы Оқу қүралы


тілек білдіріп отырған. Ал, намыс - адамның ішкі сезім і, абырой­



Pdf көрінісі
бет17/280
Дата07.06.2022
өлшемі7.74 Mb.
#459022
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   280
Жаксылыкбаева Р.

тілек білдіріп отырған. Ал, намыс - адамның ішкі сезім і, абырой­
ды қорғайтын құралы. Намыс - адамның қадір-қасиетіне байла- 
нысты өте нэзік, өткір, күшті лап етпе сезім. Ол - адамды жаман 
әрекеттерден сақтайтын таза ұлы қасиет. «Құлқаныс - Зеберш е» 
дастанында Құлқанысқа сырттай ғашық болып, капа болғанда 
айтқаны мынау екен:
«Жаманға ұйкы - жолдас, тамақ - тамыр,
Көріп ем бір көргеннен сізді тэуір.
Ақиқат шықканынша бір терең сыр,
Арбамен асықпаған коян алар,
Құдайдың мың бір аты, бірі - сабыр.
Жаманға ұйқы жолдас басқадан да,
Ақылы өз басынан аспағанға.
Ойланбай кылған істің түбі ойран,
Сары алтын сабыр түбі саспағанға...», -
дейді (Қазақ халық әдебиеті. Дастандар. 1990. 87-88 бб.).
Тарихи кезеңдердің жаңа дэуірі туғанымен ешқашан құнын 
жоймайтын моральдық-этикалық категорияларға: ар, ұят, намыс, 
абырой, ұждан, борыш, парыз, т.б. жатады. Оған қазақ халқының 
«Ақылды болсаң, арыңды сақта, ар-ұят керек әр уақытта», 
«Жігіттің кұны жүз жылқы, ары - мың жылқы», «Үят кімде болса, 
иман сонда», «Әдептілік, ар-ұят - адамдықтың белгісі», «Өз ұятын


Imapay.
Журналист этикасының табиғаты
15
білген кісі, бір кісіге төрелік береді», т.б. деген мақал-мэтелдері 
дэлел бола алады. Қазақтың ұлан-байтақ жері қай кезде де, қай 
кезенде де ел мұңын, ел жырын жырлаған дарабоз ақындарға кен- 
де болмаған. Сондай аса дарынды, маржан сөздің майын ағызған 
жыраулардың бірі Қабан ақынның:
Дүниеде ешбір қатер жуымайды,
Әркім ие боп жүрсе өз аузына.
Басына бэле адамның тілден болар,
Сол тілден ұрынады сөз дауына...
Ауызбірлік жоқ жерде 
Қиянатты қият бар.
Ұяттың иман қабы дер,
Имандыда ұят бар, -


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   280




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет