P c. Жақсылықбаева журналист этикасы Оқу қүралы


фотосуреттерді басқан. Баспасөздің мұндай озбырлығына наразы



Pdf көрінісі
бет62/280
Дата07.06.2022
өлшемі7.74 Mb.
#459022
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   280
Жаксылыкбаева Р.

фотосуреттерді басқан. Баспасөздің мұндай озбырлығына наразы 
болған энші бұл газет үстінен сотқа арыз берді. Бірақ бұл дау екі 
жақтың келісімге келуімен шешілді. «Сан» газеті Элтон Джонга 
бір миллион фунт стрелинг айып төлеп, соттағы іс тоқтатылды. 
Тағы бір мысалға тоқталып кетейік. Теледидар актері Горден 
Кей боран кезінде қатты жарақаттанып, аурухана палатасына ес- 
түссіз жатқан кезінде екі журналист оны суретке түсіріп алып, 
жария етті. Емделіп болып, ауруханадан шыққан актер газет 
үстінен сотқа арыз беріп, істі ұтып шығады» (Англия. - 1992. №2. 
- 122 б. Лойд-Джоуиз А. Свобода слова). Осындай оқиғалардың 
себебімен баспасөз бен бұқара арасындағы қарым-қатынас нашар- 
лап, баспасөздің беделі түсе бастады. Журналистің кәсіптік мінез- 
құлығы Кодексінің қайтадан қабылдануы осыдан.
Енді Америка Құрама Штаттарының тәжірибесіне тоқталайық. 
Журналистерге, оның ішінде радиода істейтін қызметкерлерге 
қойылатын этикалық талаптарды «Азаттық» радиостанциясының 
комментаторы Вадим Белоцерковскийдің «Журналист» журналына 
берген сұхбатынан көруге болады. Онда эйгілі радиокомментатор 
радиожурналистер үшін негізгі төрт шартты атап айтады: 1-шарт. 
«Сыбыстарды пайдаланба!» Эфирге берілетін фактілердің барлыгы 
кем дегенде екі түрлі ақпарат көздерімен дэлелденуге, расталуға 
тиіс; 2-шарт. «Арандатпа!» Арандатушы насихат жүргізуге қатаң 
тыйым салынған. Біздің митингілерге шақыруға, ұлтаралық 
қатынастарды шиеленістіруге жэне сөз жоқ, заңды үкіметті 
қүлатуға үндеуге қақымыз жоқ; 3-шарт. «Эфирде сандырақтама!» 
Басқаша айтқанда, бізге қанішерлер, сатқындар сияқты неше атау- 
лар таққан тоқырау заманындағы кеңестік баспасөзге ұқсап кетпе;
4-шарт. Мүмкіндігінше, біздің радиоқабылдағыштар мен студия- 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   280




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет