«П. Тәжібаева атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» кмм жазғы демалыс кезіндегі балалардың өмір қауіпсіздігі жайлы



Дата07.07.2022
өлшемі29.82 Kb.
#459641
Қолхат жазғы демалыс


«П.Тәжібаева атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Жазғы демалыс кезіндегі балалардың өмір қауіпсіздігі жайлы
ҚОЛХАТ
Құрметті ата-ана
---------------------------------------------------------------------------------------------
Сіздің балаңыздың жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталуын орындау туралы және келесі нұсқаулықтарды орындауыңызды сұраймыз және ескертеміз.
Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері:

  1. Балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісімен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге.

  2. Демалыс кезінде суда шомылу, су қауіпсіздік ережесін сақталуын қадағалау, суға түсірмеу керектігі ескертіледі.

  3. Сіреңке, жарылғыш, тез жанғыш заттарды, өрт қауіпсіздік ережелерін, пышақ тағы да басқа денсаулыққа зиян әкелетін заттарды қолдануға болмайтынын ескертіп отыру.

  4. Демалыс кезінде далалық алқаптарда, улы жәндіктерден, жабайы аңдардан, ауру жануарлардан сақтануын және далалық жорықтарға, /походтарға/ шықпау керектігі және кәмелеттік жасқа жетпеген балаларға көлік, мотоцикл айдауға болмайтындығы ескертіледі.

  5. Кешкі 23:00 ден кейін далада, спорт алаңында,саябақта, көшеде жүрмеуге, бейтаныс адамдармен сөйлеспеуге, бөтен машинаға мінбеу керектігі ескертіледі.

  6. Қоғамдық орындарда қауіпсіздік ережелерін сақтау, елімізде болып жатырған төтенше жағдайға байланысты карантин ережелерін сақтауды қатаң бақылауға алуды және ауыл ішіндегі су құбырларының беттерін ашпау керектігін балаларға ескертіп айтып отыру ата-аналарға ескертіледі.

  7. Теріс діни ағымдар ықпалына түспеу жолдарының бірі белгісіз сайттарға кірмеу, тегін ұсынған газет, журналдар мен кітаптарды бөтен адамдардың қолынан алмау керектігін ескертіп отыру.

Ата-ана тарапынан берілетін тәлім-тәрбие жұмыстарына немқұрайлы қарамай, перзентіңіздің өмір қауіпсіздігін өз жауапкершілігіңізге алуды тапсырамыз.

Сынып жетекшісі:

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет