Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері


Жүрек қан-тамыр жүйесі ауруларының негізгі синдромдары



бет46/90
Дата03.12.2022
өлшемі250.6 Kb.
#466341
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   90
Пропедевтика пәнінен дәрістер жиынтығы

Жүрек қан-тамыр жүйесі ауруларының негізгі синдромдары


Митральды қақпақшаның зақымдалу синдромы
Этиологиясы: ревматизм, ревматикалық аурулар, атеросклероз, ЖИА, инфекциялық эндокардит, жүрек жарақаттары.
Митральды қақпақшаның жетіспеушілігі. Систола кезінде қанның бір бөлігі сол жақ қарыншадан қақпасы арасындағы тесік арқылысол жақ жүрекшеге қайта құйылады, онда қан мөлшері көбейеді де систола алдында сол жақ қарыншаға қан әдеттегіден көп мөлшерде құйылады. Көп мөлшерде түскен қан сол жақ қарыншаның дилатациясына 1 гипертрофиясына әкеледі. Жүректің бұл ақауы қалың бұлшықеті бар сол жақ қарыншаның арқасында ұзақ уақыт жүрек қызметін бұзбай компенсацияланады. Әрі қарай сол жақ қарыншаның әлсіреуінен, оның миокарды өз тонусын жоғалтады.
Ондағы қысымның жоғарлауы өкпе венасына беріледі, одан әрі кіші қанайналымында жоғарылайды. Сол жақ айналымында қан іркілуінен оң жақ қарынша миокарды зақымданады да үлкен қанайналым шеңберінде қан іркілісі дамиды. Жүрек ұшында систолалық шу пайда болады.


Митральды тесіктің стенозы
Этиологиясы: ревматизм.
Гемодинамикасы: сол жақ атриовентрикулярлық тесік тарылып, қанның сол жақ жүрекшеден сол жақ қарыншаға өтуінен кедергі туатындықтан, сол жақ жүрекшеге күш түсіп, гипертрофия дамиды. Атриовентрикулярлық тесік одан әрі тарылып, сол жақ жүрекше ішінің қысымын көтереді рефректорлы түрде өкпе артерияларын тарылтады (Китаев рефлексі)- сол жақ жүрекше қызметін жеңілдетуге бағытталған. Бара – бара сол жақ жүрекше қысымының көтерілуі Китаев рефлексі өкпе артериясында қысымның көтерілуіне әкеледі. Бұл оң жақ қарыншаға күш түсіреді, оң жақ қарынша әлсірейді. Нәтижесінде үлкен қан айналым шеңберінде қан іркілісі туады. Жүрек ұшында диастолалық шу пайда болады. Жүрек ұшының пальпациясында «мысық пырылы» сезіледі.


Аорта қақпақшаларының зақымдалу синдромы
Аорта қақпақшаларының жетіспеушілігі. Диастола кезінде қысқарған қақпақшалар аорта тесігін толық жаба алмайды. Сондықтан аортадағы қанның бір бөлігі сол жақ қарыншаға қайтып оралады ( регургитация ). Сол жақ қарыншаның қанға толуы көбейеді – гипертрофия және тоногенді дилятация дамиды. Бара-бара сол жақ қарынша ішінде систоладан кейін қан қалдықтары қала бастайды. Сол жақ қарынша күші азаяды – миогенді дилятация дамиды. Қарыншаның диастолалық қан қысымы жоғарылайды. Ол сол жақ жүрекшенің диастола кезінде толық қаннан босауына кедергі болады. Соның салдарынан кіші қан айналым шеңберінде қан іркілісі туады - сол жақ қарынша аралық жетіспеушілік деп аталады. Аорта қақпақтарының ақауларында бұзылған қан айналысы тез өрбиді, қолданған ем онша тиімді болмайды, ΙΙ және V тыңдау нүктелерінде диастолалық шу пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет