Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері



бет48/90
Дата03.12.2022
өлшемі250.6 Kb.
#466341
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   90
Пропедевтика пәнінен дәрістер жиынтығы

Диагностика: АҚҚ өлшеу, ЭКГ, қанның биохимиялық анализі, Зимницкий сынағы.


Коронарлық жетіспеушілік синдромы
Коронорлық жетіспеушілік синдромы жедел және созылмалы болып бөлінеді. Жедел коронарлық жетіспеушілік миокард инфарктісінің дамуына әкеледі. Миокард инфарктісі жүрек бұлшық етінің ишемиялық некрозы.
Этиологиясы: жүректің коронарлық артерияларының атероскелорозы.
Бейімдеуші факторлар: стресс, физикалық күш түсу, артериалдық гипертензия, гиперхолестеринемия, гиперлипидемия, гиподинамия, темекі шегу, ішімдікпен әуестену.
Клиникасы: төс артының басып, қысып, күйдіріп ауырсынуы, сол қолға, иыққа, мойынға, жауырынға, бетіңің сол жақ жартысына берілуі. Ұстама ұзақ, науқаста қорқыныш үрей болады, салқын тер басады, еріндері көгереді, ауырсыну нитроглицериннен басылмайды.
Созылмалы коронарлық жетіспеушілік – тұрақты стенокардия. Этиологиясы және бейімдеуші факторлар жоғарыдағыдай (МИ)
Клиникасы: төс артында сыздап ауырсыну болады, иррадиациясы-сол жаққа, ұзақтығы 5-10 мин, әрі кетсе 20-30 мин, нитроглицериннен басылады (нитроглицерин тәж артерияларын кеңейтеді).
Ишемия – миокард қажеттілігімен ( оттегі, қоректі заттар) қанайналым мумкіншілігі арасындағы сәйкестігінің бұзылуы.
Диагностикасы: ЭКГ.


Жедел жүрек жетіспеушілігі синдромы
Сол қарыншалық жетіспеушілік – жүрек астмасы сол жақ қарыншаның жиырылу қызметінің кенет төмендеуіне байлынысты дамиды (оң жақ қарынша қызметі сақталады). Бұл кезде өкпе тамырлары қанға толып, тыныс орталығы тітіркеніп – тұншығу пайда болады. Кенет тұншығу – негізгі белгісі. Науқас ортопноэ қалпында болады, жөтел, цианоз, салқын тер басады. Пульс жиі, әлсіз, ырғақсыз болуы мүмкін. Жүрек тондары тынық, «шоқырақ» ырғағы анықталады. Өкпе үстінен ұсақ көпіршікті ылғалды сырыл естіледі.
Қан плазмасының альвеолаларға өтуіне байланысты тұншығу және жөтел күшейеді, тыныс бүлкілдейді, көп мөлшерде қызғылт-күлгін (қан араласуына байланысты) қақырық бөлінеді. Өкпе үстінен әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар көбейеді. Бұл жағдай өкпе шемені деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет