Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері



бет14/90
Дата03.12.2022
өлшемі250.6 Kb.
#466341
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   90
Пропедевтика пәнінен дәрістер жиынтығы

Лейкоцит формуласы. Лейкоцит түрлерінің пайыздық ара қатынасы лейкоцит формуласы деп аталады. Барлық лейкоциттер саны 100% болып саналады.
Нейтрофилдер - 50-70% құрайды,
Жас нейтрофилдер: таяқша ядролық-2-5% , жас 0-1%.
Жетілген нейтрофилдер - сегментоядролық: 51-67%. Нейтрофилдер ағзада бактерияларға қарсы қорғаныс қызметін атқарады.
Эозинофилдер - 2 - 4% құрайды. Эозинофилия - көбеюі ішек құрттарында, есекжемде, аллергоздарда, бронх демікпесінде.
Базофилдер - 0,5 - 1% . Жедел лейкозда, бруцеллезде болады.
Лимфоциттер - 23 - 25% құрайды. Лимфоцитоз - инфекционды ауруларда, вирустарға қарсы кездеседі.
Моноциттер - 4-8% құрайды. Қорғаныс функцияға, фагоцитозға қатысады. Моноцитоз - туберкулезде кездеседі.

  1. Қан ағу уақыты - 2-5 мин тромбоцитопенияларда, геморрагиялық синдромда ұзарады, гемофилияда қалыпты немесе кішкене ұзарады.

  2. Қан ұюы уақыты - 6-8 мин, гемофилияда ұзарады



Қан ағу уақытын анықтау
Мақсаты: гемостаздын көрсеткіштерін анықтау
Жүргізу әрекеті: Қанды сол қолдың саусағынан алады. Спиртке малынған мақта шаригімен саусақты өңдеп болған соң, залалсыз ланцетпен 4-ші саусақты тесу қажет. Тесілген жерде қан өздігінен ағуы қажет. Тесілген жерді қысып қан шығаруға болмайды. Бірінші тамшыны құрғақ мақтамен сүртеді де, 30 секунд сайын салфетканы батырып отырады, қан тоқтаған уақыт қан ағу уақыты деп есептеледі. Ол 2 – 5 минутқа тең. Тромбоцитопения кезінде, тромбогеморрагиялық синдромның ауыр түрінде, гемофилия ауруы кезінде бұл көрсеткіш ұзарады.


Қанның ұю уақытын анықтау.
Мақсаты: гемостаздын көрсеткіштерін анықтау
Жүргізу іс әрекеті: Саусақты спиртпен өңдеген соң сол жерді инемен тесіп, алғашқы тамшыны спиртке малынған мақтамен сүртеді. 3 – 4 тамшыны шыныға тамызып, үлкен тамшы болады, секундомерді қосу керек. 30 секунд сайын тамшының үстінен скарификатормен жүргізіп отыру керек, фибрин жіпшелері скарификаторға алғашқы ілінген уақытты ұюдың басы деп есептейді. Сол уақытты белгілеу керек. Екі минут өткен соң қан ұйий бастайды. Сол жерде ұйыған қан түйіршігі пайда болады. Бұл ұю процесінің соңы болып есептеледі. Бұл уақытты да белгілеу керек. Ұю процесінің басымен ұйыған қан түйіршігі пайда болған уақыт аралығы қанның ұю ұзақтығы деп атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет