Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері



бет31/90
Дата03.12.2022
өлшемі250.6 Kb.
#466341
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   90
Пропедевтика пәнінен дәрістер жиынтығы

Дем алудың түрлері:

  1. Кеудемен дем алу- дем алуға қабырға аралық бұлшық еттер қатынасады. Көбіне дем алудың бұл түрі әйелге тән.

  2. Ішпен дем алу, не диафрагмалық дем алу еркектерге тән.

  3. Аралас дем алу ол қарт адамдарға тән.

Тыныс алу жиілігі: қалыпты жағдайда сау адам 1 минутына 16-20 рет тыныс алады. Тыныс алу жиілеуі - тахипноэ, сиреуі – брадипноэ, уақытша тоқтап қалуы – апноэ. Қалыпты жағдайда тыныс алудың жиілеуі дене қызметінен, тамақ ішкеннен кейін және әр түрлі психикалық факторлардың әсерінен болады. Патологиялық жағдайда дем алудың жиілеуі өкпенің дем алатын бетінің азаюынан және дем алғанда кеуденің шаншуынан болады. Қалыпты жағдайда тыныс алудың сиреуі ұйқы кезінде болады/ваготония/. Патологиялық жағдайда дем алудың сиреуі бас сүйек іші қысымының өсуінен және уланудан болады.
Сау адамның дем алуы ырғақты, тереңдігімен ұзақтығы бір қалыпты болады. Бір дем алған ауаның мөлшері 300 - 800 мл болады.
Тыныс алудың ырғағының бұзылуы:

  1. Биот тынысы - ырғақты терең, сирек, мезгілді үзіліспен демалу. Бұл түр менингитпен ауырғанда және агональды жағдайдағы науқастарда кездеседі.

  2. Чейн - Стокс дем алысында дем алудың біртіндеп тереңдеуі мен біртіндеп баяулауы тән, одан кейін үзіліс болады. Үзілістен кейін бәрі қайтадан қайталанады. Ми гипоксиясында кездеседі.

  3. Куссмауль дем алу бұзылысы - шұлы, сирек және терең дем алу. Гипергликемиялық комада кездеседі.

  4. Грокк тынысы - толқын тәріздес, Чейн-Стокс дем алуына ұқсайды, бірақ толық тоқтамайды.

Қабырғаларды алдынан санағанда бұғанадан бастайды, өйткені бірінші қабырға оның астында орналасқан, артынан - жауырынның төменгі бұрышы VІІ қабырғада орналасқан. Мойын омыртқалардан ең шығынқысы - жетіншісі.


Кеуде сарайының пальпациясы. Кеудені сипап тексергенде: кеуденің ауыратын жерлерін, эластикалық (серпінділік) қасиетін, дауыс дірілінің өзгерістерін анықтайды.
Пальпация екі қолмен симметриялық жерлерде жүргізіледі. Бұл әдіспен кеуде сарайының бір жағының дем алудан қалыңқырауын, эпигастральды бұрыштың еңін, ауырсынудың орналасуын және оның тарауын анықтау болады. Пальпациямен плевраның үйкелес шуыда естіледі және құрғақ сырылдар, сынған қабырғалар анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет