Аритмия синдромы
Аритмия синдромы – жүрек бөлімдерінің жиырылу жиілігінің, ырғақтығының және реттілігінің бұзылуы.
Аритмия синдромын тудыратын себептер:
Орталық жүйке жүйесінің функциональды және органикалық зақымданулары: стрестер, невроздар, ми-қаңқа жарақаттары, ісіктер ми қанайналымының бұзылыстары т.б.;
Жүйкелік-рефлекторлық факторлар - омыртқа бұзылыстары;
Миокардтың және жүрек қан-тамыр жүйесінің өзгерістері: жүректің ишемиялық ауруы және миокард инфаркты, миокардиттер, кардиомиопатиялар, жүрек ақаулары, ірі тамырлар бұзылыстары, артериалдық гипертензия, перикардиттер, жүрек ісіктері;
Туа біткен өткізгіш жүйесінің анатомиялары;
Электролиттік баланс бұзылыстары: калий, кальций және магний баланстарының;
Бактериальды және кәсіптік улар әсері;
Әдеттегі уланулар (алькоголь, никотин);
Дәрілік препараттармен уланулар – жүрек гликозидтерімен, бетта-блокаторлармен, зәр айдағыштармен т.б.;
Оттегі жетіспеушілігі;
Эндокринопатиялар – тиреотоксикоз, феохромоцитома;
Осы факторлар жүректің автоматизм және өткізгіштік қасиеттерін бұзады. Жүректің автоматизм қасиеті бұзылыстарынан туатын аритмиялар: синустық тахикардиялар және брадикардиялар, синустық аритмия, синустық түйіннің әлсіздігі синдромы; эктопиялық комплекстер және ырғақтар ( экстрасистолиялар, пароксизмальды тахикардия); жүрек жыбыры және дірілі, қарыншалар дірілі және фибрилляциясы).
Жүректің өткізгіштік қасиеті бұзылыстарынан туатын аритмиялар: блокадарлар (синоаурикуляциялық, жүрекшеішілік, атриовентрикулярлық, қарыншалар асистолиясы, Гис будасы тармақтарының), WPW – синдромы (Вольф-паркинсон-Уайт).
Аритмия айқындылығы негіңзгі аурудың ауырлығына сәйкес болмайды, диагностикасы ЭКГ бойынша жүргізіледі кейбір түрлері жедел көмек қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |