Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері



бет51/90
Дата03.12.2022
өлшемі250.6 Kb.
#466341
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   90
Пропедевтика пәнінен дәрістер жиынтығы

Басқа шок түрлері: кардиогендік шок – миокард инфарктісінің асқынуы болып табылады, обструктивтік шок – өкпе артериясының тромбоэмболиясында дамиды.


Кіші қанайналым шеңберінде қанның іркілу синдромы (өкпелік гипертензия)
Кіші қанайналым шеңберінде қанның іркілу синдромы – әртүрлі топтар ауруларында өкпе тамырларының күрделі бұзылыстарына, пролиферациясына және құрылымның өзгеруіне байланысты дамитын синдром.
Түрлері:
Біріншілік: барлық жағдайлардың 0,2% құрайды (себебі белгісіз);
Екіншілік: митралды ақаулар,солқарыншаралық жүрек жетіспеушілігі, сол жақтан оңға қарай қан төмен түсуімен кейбір туабіткен ақаулар, өкпе артериясының тромбоэмболиясы, өкпенің жедел және созылмалы аурулары, гиповентиляция, тау гипоксиясы, Айэрз (A.Ayezza – өкпе артериясының склерозы).
Симптомдары:

  • Тұншығуға ауысатын демікпе (ТАЖ > 20’);

  • Цианоз (акроцианоз немесе жайылма);

  • Жөтел (құрғақ немесе қақырықпен);

  • Қан қақыру;

  • Бастың айналуы және естен тану;

  • Гипертрофияланған миокард гипоксиясынан жүректе ауырсынудың пайда болуы;

  • Ангиоспазмдар (мысалы, Рейно синдромы);

  • Тахикардия болуы мүмкін (ЖСЖ > 80’);

  • Оң қарыншаның гипертрофиясы (перкуссияда – оң жақ шегінің оңға ығысуы, ЭКГ-, ЭХОКГ-белгілері);

  • Өкпе артериясы үстінен ΙΙ тонның акценті;

  • Сырылдар (құрғақ жіне ылғалды), өкпеде крепитацияның естілуі;

  • ЭКГ да Р биік, ΙΙ және ΙΙΙ тіркемелерде кеңейген , оң қарынша жіне сол жүрекше гипертрофиясы;

ФКГ да өкпе артериясы үстінен ΙΙ тонның акценті және екіге бөлінуі.

  • Өкпе R-графиясы – өкпе түбірінің тығыздалуы, өкпе суретінің күшеюі, плевра қуысында шамалы сұйықтықтың болуы, оң қарыншаның ұлғаюы;

  • Өкпенің өмірлік сыйымдылығы төмендейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет