Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет111/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

ме?» – деді»
1

Яғни сауда мәселесіне араласпа, мұнда сенің шаруаң 
болмасын, аулақ жүр деген-ді. Сондай-ақ елі оған:
«Тіпті сен өте жұмсақ, аса көреген көрінесің», – деді»
2

Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Олар мұны 
мысқылдап айтты», – деген. Яғни бұл мақтау емес, керісінше
мазақтау болатын. Сонда Шуғайб оларға:
«Ей, халқым! Маған қарсы келулерің өздеріңе Нұх 
қауымы не Һуд қауымы немесе Салих қауымына келген 
тәрізді ауыртпалық келтірмесін! Сондай-ақ Лут елі сендерден 
ұзақта емес. Раббыларыңнан кешірім тілеңдер. Сосын Оған 
тәубе қылыңдар. Шынында, Раббым аса Мейірімді, өте 
Сүйгіш»
3
, – деп ескертті. 
Бірақ олар қасарысып тұрып алды. Сонда Шуғайб:
«Арамызға Аллаһ үкім бергенге дейін шыдаңдар. Ол – 
үкім берушілердің Жақсысы»
4
, – деп айтты. 
Ал «олар: «Сен анық жадыланғансың. Өзің біз секілді 
адамсың әрі сені өтірікшілерден деп ойлаймыз. Егер рас 
айтушылардан болсаң, онда үстімізге аспанның бір кесегін 
түсір», – деді»
5

Яғни егер айтқан сөзің рас болса, бізге аспаннан бір азап әкел.
Бұған қоса «қауымының дандайсыған көсемдері: «Ей, 
Шуғайб! Әрине, сені де, сенімен бірге иман келтіргендерді де 
елімізден шығарамыз яки дінімізге қайтасыңдар», – деді»
6

1
«Һуд» сүресі, 87-аят. 
2
«Һуд» сүресі, 87-аят. 
3
«Һуд» сүресі, 89-90 аяттар. 
4
«Ағраф» сүресі, 87-аят. 
5
«Шұғара» сүресі, 185-187 аяттар. 
6
«Ағраф» сүресі, 88-аят. 


132
 
 
Бірақ Шуғайб азаптан құтылуларынан үміттеніп, оларды 
Аллаһ жолына шақыруды жалғастыра берді. Қауымы оны 
тыңдаудан бас тартты. Оны тыңдағандар еш нәрсе ұқпадым 
дейтін, қайталаса, тағы түсінбедік деп әжуалайтын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет