Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


қауғасын салып: «Ой, сүйінші! Мынау бір ер бала», – деді»



Pdf көрінісі
бет119/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

қауғасын салып: «Ой, сүйінші! Мынау бір ер бала», – деді»
Сол уақытта құлдар өте құнды тауар саналатын. «Олар оны 
сауда малы ретінде жасырып қойды»
Яғни оны сатпақшы болды. Сөйтіп, олар бір адасып қалған 
бала немесе қашып кеткен құл шығар, егер иелері біліп қойса
алып қояр деп жасырып қойды. Бірақ:
«Аллаһ олардың не істегендерін толық біледі»


141
 
 
Бұл Шамнан Мысырға бара жатқан керуен еді. Олар Юсуфты 
Мысырға әкеліп, істерінің жария боп қалуынан қорқып, оны 
арзан бағаға сатып жіберді. Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы 
болсын): «Жиырма дирһамға», – деген. 
«Олар оны арзан бағаға бірнеше дирһамға сатып жіберді. 
Өйткені олар (Юсуфке) құштар емес еді». Оны Мысыр 
қазынасының уәзірі сатып алды. «Мысырдағы оны сатып 
алған кісі әйеліне: «Оған құрметпен қара. Мүмкін бізге 
пайдасы тиер немесе бала қып алармыз», – деді»
Уәзір балалары жоқ егде тартқан кісі еді. Юсуф оның үйінде 
баласы сияқты тәрбиеленді. Есейген кезінде уәзірдің сарай ісімен 
шұғылданатын болды. 
«Осылайша, Юсуфты ол жерге орналастырып, оған 
түстердің жоруын үйреттік. Аллаһ Өз ісіне Үстем, бірақ 
адамдардың көбі білмейді»
Юсуф бұзықтық пен пұтқа табынушылықтан аулақ, ізгі жігіт 
болып өсті. Аллаһ тағала оған билік берді. Ол уәзірдің сарайына 
басшылық ете бастады. Сондай-ақ оған білім беріп, адамдардың 
ең білгіріне айналды. Аллаһ тағала: 
«Ержеткенде оған билік пен білім бердік. Игілік 
істеушілерді осылай марапаттаймыз», – деген. 
Уәзірдің әйелінің Юсуфты азғыруы 
Осындай қасиеттерге ие жігітке уәзірдің әйелінің көңілі ауды. 
«(Юсуф) тұрған үйдің әйелі оның көңілін өзіне тартпақ 
болды». Сонда оның жасы он жетіде еді делінген. Ол өте көрікті 
жігіт болып өскен-ді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Миғражда Юсуфпен жолыққаны 
туралы хадисте: «Шынында, оған сұлулықтың тең жартысы 
берілген екен», – деген
1
. Яғни Адамның сұлулығының жартысы.
1
Хадисті Ахмад жеткізген. 


142


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет