Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


, – деп  баяндаған. Пайғамбарымыздың  (с.а.с.):  «Періштелер



Pdf көрінісі
бет13/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

1
, – деп 
баяндаған.
Пайғамбарымыздың 
(с.а.с.): 
«Періштелер 
нұрдан 
жаратылды. Жын оттан жаратылды. Ал Адам сендерге 
(Құранда) сипатталған нәрседен жаратылды», – дегенін Айша 
анамыз (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген
2
.
Демек, періштелерден соң жындар жаратылған, ал олардың 
жаратылысына негіз болған нәрсе от еді. Бұл туралы көптеген 
аят-хадистер бар. «Рахман» сүресінде: «(Аллаһ) жынды оттың 
жалынынан жаратты»
3
, – делінген.
Сондай-ақ Құран Кәрімде «Мені оттан жараттың»
4
деп 
Ібілістің айтқаны баяндалады. 
Бұл мәселе Құран Кәрімнің және бір жерінде: «Жынды да 
бұрын түтінсіз оттан жаратқан едік»
5
, – деген аятпен бекітіле 
түседі.
Ібіліс (оған Аллаһтың лағынеті болсын) жын тайпасынан еді. 
Аллаһ тағала: «(Мұхаммед!) Сол уақытта періштелерге: 
«Адамға сәжде қылыңдар», – деген едік. Ібілістен басқа 
(періштелер) сәжде қылды. Ол (Ібіліс) жыннан еді»
6
, – деген.
Хасан әл-Басридің пікіріне сүйенсек, «Ібіліс бір сәт те періште 
болмаған». 
Өйткені періштелер нұрдан жаратылды, ал Ібіліс оттан 
жаратылған. Ибн Омар мен Ибн Аббас (Аллаһ оларға разы 
1
«Фатыр» сүресі, 1-аят. 
2
Хадисті Муслим риуаят еткен. 
3
«Рахман» сүресі, 15-аят. 
4
«Ағраф» сүресі, 12-аят. 
5
«Хижр» сүресі, 27-аят. 
6
«Кәһф» сүресі, 50-аят. 


18
 
 
болсын): «Жындар Адамнан екі мың жыл бұрын жаратылды. 
(Олар жерде тура жолдан ауытқып, көп бұзықтықтар жасады. 
Бірін-бірі өлтіріп), қан төкті. Сонда Аллаһ оларға періштелерден 
(жасақталған) әскерді жіберді. (Періштелер олармен кескілескен 
соғыс жүргізді. Жер бетінде Адамның пайда болуынан бұрын 
періштелер мен жындар арасында үлкен шайқас болды. 
Періштелер) оларды теңіз, мұхит аралдарына айдап жіберді», – 
деген.
Яғни бұл жерде періштелердің жын атаулыны құрлықтардан 
қуып шыққандығы жөнінде баяндалады. Сол аралдар – қазіргі 
кездегі жындардың мекені. Сондай-ақ жындардың басшысы – 
Ібілістің тағы су бетінде екендігіне көптеген хадистерде ишара 
жасалған. Бұл оқиғалардың барлығы Адамның жаратылуынан 
бұрын болған. 


19


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет