Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


«Ал, біз Сені мақтау арқылы дәріптейміз және



Pdf көрінісі
бет15/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

«Ал, біз Сені мақтау арқылы дәріптейміз және 
(кемшіліктен) пәк деп білеміз»
2
, – деді.
Яғни Сен бізден басқаны жаратпақшысың. «Мүмкін біз Сені 
мадақтап, дәріптеуде кемшілік істедік пе?» деген-ді. Демек, бұл 
жердегі сұрақтың мәні екі мәселені қозғап тұр. Сен жындар 
сияқты бүлдірушілік істейтін адамдар жаратасың ба? Немесе 
басқа біреуді жарататындай біз кемшілік жібердік пе? Сонда 
Аллаһ тағала оларға: «Мен сендердің білмейтіндеріңді 
білемін!»
3
– деді.
Сонда періштелер өзара әңгімелесіп: «Раббымыз қалаған 
нәрсесін жаратады. Ол ешқашан Өзінің алдында бізден құрметті 
әрі білімді жаратылысты жаратпайды», – деді. 
1
«Бақара» сүресі, 30-аят. 
2
«Бақара» сүресі, 30-аят. 
3
«Бақара» сүресі, 30-аят. 


21
 
 
Себебі олар барша мақлұқтарды: көктер мен жерді, жануарлар 
мен жындарды көрді. Сондай-ақ өздерінің Аллаһқа мадақ айтып, 
Оның әмірі мен тапсырмаларын бұлжытпай орындайтынын, 
көктер мен жердегі Оның бұйрықтарын қалтқысыз іске 
асыратынын және өздерінің Аллаһтың алдындағы ең құрметті 
құлдар екенін білетін. Олар Аллаһ тағаланың ең білімді әрі 
қадірлі құлдары болатын. 
Аллаһ тағала Адамды жаратпақ болған кезде жерден топырақ 
әкелуге бұйырды. Әбу Мұса әл-Ашғариден (Аллаһ оған разы 
болсын) жеткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Аллаһ Адамды бүкіл 
жер бетінен бір уыс (топырақ) алып жаратты. Сөйтіп, Адам 
балалары жердің ерекшелігіне қарай пайда болды. Олардан ақ, 
қызыл, қара (түстілері) және олардың арасындағылары, жеңіл 
және қатты (мінезділері) мен олардың арасындағылары, 
сондай-ақ жақсы, жаман және олардың арасындағылары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет