туысың екеуің мұғжизаларымды апарыңдар. Мені еске
алуда селқостық танытпаңдар. Екеуің перғауынға барыңдар.
Өйткені ол шектен шыққан. Оған сыпайы сөз сөйлеңдер,
мүмкін үгіт алар немесе қорқар»
2
, – деді.
Сөйтіп, ол екеуі перғауын сарайына келеді. Сарайға келіп есік
қаққанмен, күзетшілер ішке кіргізе қоймады. Мұса күзетшілерге:
«Мен – елшімін», – дейді. Әдетте перғауынға жер-жердің
патшаларынан елшілер жиі келетін. Күзетшілер Мұсаны сол
елшілердің бірі екен деп ойлап, перғауынның алдына кіргізеді.
Мұса перғауынға: «Біз – бүкіл әлемдер Раббысының
елшісіміз», – деді. Алдына келген Мұсаны перғауын
шырамытқандай болды. Мұса талабын айқындап: «Исраил
ұрпақтарын бізбен бірге жібер!» – деді. Сонда барып перғауын
Мұсаны жазбай танып: «Сен Мұса емессің бе?» – дейді. Мұса:
«Иә», – деп жауап береді.
Перғауын оған зілдене:
«Сені бала қып асырамадық па? Өміріңнен неше жыл
арамызда болдың. (Сөйтіп жүріп) істеріңді істеп кеттің. Сен
қарсы келушілерденсің», – деп жазғырды.
1
«Таһа» сүресі, 37-41 аяттар.
2
«Таһа» сүресі, 42-44 аяттар.
189
Мұса:
«Мен ол істі істеген кезде қателескен едім. Сондықтан
сендерден қорқып, қаштым. Ақыры Раббым маған хикмет
беріп, пайғамбарлардан қылды. Сенің Исраил ұрпақтарын
құл етіп, маған міндетсінген қайырың осы», – деді. Перғауын
одан әрі тәкаппарлана: « Әлемдердің Раббы деген не тәйірі?» –
деді. Мұса: «Егер анық сенетін болсаңдар, Ол – жер-көктердің
әрі екі арасындағылардың Раббы», – деп жауап берді.
«Перғауын маңайындағыларға: «Естімей отырмысыңдар?» –
деді. Мұса сөзін жалғап: «Ол – сендердің де Раббыларың,
Достарыңызбен бөлісу: |