Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


«Қолыңды қойныңа тық! Аппақ кемшіліксіз басқа бір



Pdf көрінісі
бет159/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

«Қолыңды қойныңа тық! Аппақ кемшіліксіз басқа бір 
мұғжиза болып шықсын»
2
, – деп бұйыруымен жалғасын тапты. 
Басқа бір аятта бұл жайлы: «Қолыңды қойныңа тық. 
Зарарсыз аппақ болып шығады. Қорқыныштан салбыраған 
қолыңды жи! Бұл екеуі – перғауын мен оның адамдарына 
Раббыңның екі бірдей дәлелі. Өйткені олар – бұзақы ел»
3
, – 
делінген. 
Аллаһ тағаланың бұйыруымен Мұса қолын қойнына тығып 
шығарған еді, қолы көз қарықтырар жарық шашты. Мұнан кейін 
Аллаһ тағала: «(Бұл) саған ұлы мұғжизаларымызды көрсету 
үшін (еді). Енді перғауынға бар. Өйткені ол шектен 
шыққан»
4
, – деп міндет жүктеді.
Мұса Аллаһ тағаланың бұйрығына мүлтіксіз бойсұнып: 
«Раббым! Көңілімді кеңейткейсің. Ісімді оңайластырғайсың! 
Тілімнің тұтықпасын шеше көр. Олар сөзімді түсінсін!»
5
– деп 
тілек айтты. 
Шын мәнінде, Мұса тілінің мүкісі болғандықтан, сөйлегенде 
тұтығып қалатын. Оның тілегі қабыл болып, тілінің мүкісі 
1
«Таһа» сүресі, 21-аят. 
2
«Таһа» сүресі, 22-аят. 
3
«Қасас» сүресі, 32-аят. 
4
«Таһа» сүресі, 23-24 аяттар. 
5
«Таһа» сүресі, 25-28 аяттар. 


187
 
 
адамдарға дағуат жасағанда жазылатын да, ал басқа кезде 
тұтығатын қалпына қайта түсетін. 
Мұса Аллаһ тағалаға тағы да: «Маған отбасымнан туысым 
Һарунды көмекші ет. Ол арқылы арқамды күшейт! Сені көп 
дәріптеп, Өзіңді көп еске алуымыз үшін оны істеріме ортақ 
қыл. Күдіксіз, Сен – бізді Көрушісің»
1
, – деп өтініш білдірді. 
Басқа бір аятта Мұсаның Аллаһқа айтқан бұл өтініші: 
«Раббым! Расында, олардан кісі өлтірдім. Сондықтан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет