Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет196/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

 
 
Оған: «Жаннатта өзіңе дүниедегі патшалардың бірінде болған 
нәрсенің болуын қалайсың ба?» – делінеді. Ол: «Иә, уа, 
Раббым», – дейді. Оған: «Саған осы және тағы да сол 
сияқты», – делінеді. Ол: «Уа, Раббым, разымын», – дейді. Оған: 
«Саған осы және он есе сол сияқты», – делінеді. Ол: «Уа, 
Раббым, разымын», – дейді. Оған: «Саған осымен бірге көңілің 
тартқан және көзің қызыққан нәрселер», – делінеді», – деп 
жауап қайтарған. Мұса Раббысынан тағы: «Дәрежесі ең 
жоғары жаннаттық кім?» – деп сұрады. Сонда Аллаһ тағала: 
«Саған олар жайлы әңгімелеп беремін: Мен олардың қадір-
қасиетін Өз қолыммен егіп, оны аяғына жеткіздім. Оны көз 
көрмеген, құлақ естімеген және ол адамзат көкейіне 
келмеген», – деп жауап берді. Аллаһ тағаланың кітабында да 
осы мағына қуатталған: «Ешбір жан Мен өздеріне жасырған 
қуаныштарды білмейді»
1
, – делінген
2

Сондай-ақ 
Пайғамбарымыздың 
(с.а.с.): 
«Мұса 
Ұлы 
Раббысынан өзінде бар деп ойлаған алты қасиет жайлы 
сұрады, жетіншісін Мұса ұнатпайтын. Ол: «Уа, Раббым! 
Пенделеріңнің ең тақуасы кім?» – деп (сұрақ қойды. Аллаһ 
тағала): «Зікір етіп, ұмыт қылмайтыны», – деді. Ол: 
«Пенделеріңнің ең тура жолдағысы кім?» – деп (сұрады. Аллаһ 
тағала): «Тура жолға ілесетіні», – деді. Ол: «Пенделеріңнің ең 
әділі кім?» – деп (сұрады. Аллаһ тағала): «Адамдарға өзіне үкім 
қылғандай төрелік беретіні», – деді. Ол: «Пенделеріңнің ең 
білгірі кім?» – деп (сұрады. Аллаһ тағала): «Ілімге тоймайтын, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет