Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет195/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

 
 
Мұсаның дүние салуы 
Жоғарыда айтылғандай, исраилдіктер қырық жыл бойы иен 
далада қаңғырып жүргенде, Һарун өмірден өтті. Сосын Мұса 
жарық дүниемен қош айтысты. Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы 
болсын) жеткізген хадисте: Мұсаға өлім періштесі жіберіледі. 
Кіріспеде 
айтқанымыздай, 
пайғамбарлар 
жандарын 
өз 
еріктерімен тапсырады. Оған өлім періштесі келгенде, Мұса оны 
ұрып, бір көзін ағызады. Содан соң періште Аллаһқа қайта келіп: 
«Мені өлімді қаламайтын пендеге жіберіпсің», – дейді. Аллаһ 
тағала оған Мұсаға қайтып барып «Қолын өгіздің арқасына 
қойсын! Оның қолы қамтыған жердегі түктердің санындай өмірін 
ұзартып беремін», – деп айтқанын жеткізуді бұйырады. Өлім 
періштесі келіп, Мұсаға осыны айтады. Мұса Аллаһқа дұға 
қылып: «Уа, Раббым! Сонан соң не болады?» – деп сұрайды. 
Аллаһ тағала: «Сонан соң өлім!» – дейді. Сонда Мұса: «Одан да 
қазір!» – деп өлім періштесіне жанын тапсырады. Сонымен қатар 
Мұса Аллаһтан қабірінің Құдысқа тас лақтырым жақын жерде 
болуын сұрайды. Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ 
елшісінің (с.а.с.): «Егер сол жерде (Бәйтул-Мақдисте) болсам, 
сендерге жол жиегіндегі қызыл құм шоғырынан (Мұсаның) 
қабірін көрсетер едім», – дегенін жеткізген
1

Мұсаның Аллаһ тағалаға қойған сауалдарынан 
Пайғамбарымыздан (с.а.с.) келіп жеткен хадисте: «Мұса 
Раббысынан: «Дәрежесі ең төмен жаннаттық кім?» – деп 
сұраған. Аллаһ тағала: «Ол – жаннаттықтар жаннатқа 
кіріп болғаннан кейін келген бір кісі. Оған: «Жаннатқа кір», – 
делінеді. Сонда ол: «Жаннатқа қалай кіремін?! Адамдар 
орындарын иемденіп, тиесілерін алып қойды ғой», – дейді. 
1
Хадисті әл-Бұхари жеткізген. 


226


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет