233
екінді мезгілінен кейін исраилдіктерге жеңістің шеті көріне
бастады. Егер күн батса,
сенбі басталады
1
. Исраилдіктер күн
батса, соғыс тоқтап, қолдарында
тұрған жеңістен айырылып
қалудан қорқа бастады. Сөйтіп, олар Құдысты күн батпай жатып
алуға барын салды. Дегенмен Құдысты толық алмай тұрып күн
батуға айналды. Сол кезде Юшағ күнге қарап: «Сен де әмірді
орындайсың! Мен де әмірді орындаймын! Аллаһым!
Оны маған
тоқтат!» – деп жалбарынып дұға қылады. Оның дұғасы қабыл
болып, күн сол орнында батпай тұрып қалды. Әбу Һурайрадан
(Аллаһ оған разы болсын) жеткен
хадисте Пайғамбарымыз
(с.а.с.):
«Расында, күн Юшағтан басқа ешбір адамзатқа
тоқтатылған емес. Ол Құдысқа барған кештерде», – деген
2
.
Күн осылай исраилдіктер Құдысқа
толық иелік еткенге дейін
батпай тұрды. Тағы да Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын)
жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.):
Достарыңызбен бөлісу: