244
ДӘУІТТІҢ (АЛӘЙҺИС-СӘЛӘМ)
ПАТШАЛЫҒЫ
Сонымен, Дәуіт Талуттың қызына үйленіп,
одан кейін
исраилдіктердің патшасы болып тағайындалды. Аллаһ тағала
Дәуіттің қолында екіге ажырап кеткен патшалық пен
пайғамбарлықты қайтадан біріктірді.
Бұл Юшағтан кейін төрт
жүз алпыс жылдан бері әлі ешкімнің қолына біріктірілмеген іс
еді. Дәуіт – Яһуда ибн Яғқубтың ұрпағы. Әкесінің аты – Әйша.
Ибн Исхақ кейбір білім иелерінен оны: қысқа бойлы,
көк көзді,
сирек шашты, жүрегі мен жаны таза адам деп сипаттаған дерек
келтірген.
Дәуіттің мұғжизалары
Аллаһ тағала Дәуіттің патшалығын үлкен күш-қуатқа ие
қылды. Сондай-ақ ол арқылы
көптеген мұғжизаларын көрсетті,
оған жазбалар түсірді. Бұл жазбалар жинағы «Забур» деп аталды.
Аллаһ тағала:
«Сондай-ақ Дәуітке Забурды бердік»
1
, – деген.
Дәуіттің тағы бір ерекшелігі дауысы өте көркем, әдемі еді.
Тіпті одан өзге әсем дауысты адам жаратылмаған деп айтылады.
Бірде Пайғамбарымыз (с.а.с.) Әбу Мұса әл-Ашғаридің (Аллаһ
оған разы болсын) Құран оқығанын тыңдап тұрып:
«Әбу Мұсаға
Дәуіттің сырнайларынан нәсіп болған екен», – деген екен
2
.
Әбу Мұсаның да дауысы өте көркем болатын. Дәуіттің
дауысын Аллаһ тағала оның кереметтерінің бірі еткен. Ол
Забурды
оқығанда, адамдар ұйып, таулар тыңдап,
онымен бірге
жаңғырып қайталаған. Тамылжыған әсем дауысқа құстар ұшып
келіп, көкте бір орындарынан қозғалмай тұрып қалған. Онымен
1
«Ниса» сүресі, 163-аят.
2
Хадисті Ахмад жеткізген.