290
Мұхаммед пайғамбардың елшілігі
Аллаһ тағала Пайғамбарымыздың (с.а.с.) елшілігін ерекше
етті, ол – пайғамбарлар мен елшілердің ең соңғысы. Аллаһ
тағала:
«Мұхаммед сендерден ер адамдардың ешбірінің әкесі
болмады. Бірақ ол Аллаһтың елшісі әрі пайғамбарлардың
соңғысы»
1
, – деген.
Аллаһ алдыңғы діндердің
барлығын мансұқ етіп
2
, күшін
жойып, Өз алдында тек пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) діні
– Исламды ғана қабыл қылды. Мұхаммед (с.а.с.) келгеннен кейін
жаннатқа тек соның жолын ұстанып қана кіру мүмкін. Ол –
пайғамбарлардың ең құрметтісі, оның үмбеті – үмбеттердің ең
жақсысы, ал шариғаты – ең кемел шариғат. Аллаһ тағала:
«Кім Исламнан өзге бір дін іздесе, әсте одан
қабылданбайды да, ақыретте зиянға ұшыраушылардан
болады»
3
, – дейді.
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын)
жеткен хадисте
Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Мұхаммедтің жаны қолында болған (Аллаһ)
пен ант
етемін, осы үмбеттен қайсыбір яһуди яки христиан мен
туралы естіп, мен жіберілгенге иман келтірмей дүниеден
өтсе, тозақылардан болады», – деген
4
.
Өзге
пайғамбарлар
өз
қауымына
ғана
жіберілсе,
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бүкіл адамзатқа жолданды. Аллаһ тағала:
1
«Ахзаб» сүресі, 40-аят.
2
Мансұқ ету – үкімін жою деген сөз.
3
«Әлі Имран» сүресі, 85-аят.
4
Хадисті Муслим жеткізген.