Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


біз сендерге оны өздерің қаламасаңдар да, зорлап



Pdf көрінісі
бет41/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

біз сендерге оны өздерің қаламасаңдар да, зорлап 
қабылдатамыз ба?! Ей, елім! Сендерден бұл үшін мал-дүние 
1
«Нұх» сүресі, 21-24 аяттар. 


50
 
 
сұрамаймын. Алар ақым – Аллаһта ғана. Ал мен иман 
келтіргендерді қумаймын. Өйткені олар – Раббыларына 
жолығушылар. Бірақ мен сендерді надандық істеп тұрған 
қауым ретінде көремін. Ей, елім! Егер мен оларды қусам
мені Аллаһтан кім қорғайды? Түсінбейсіңдер ме?! Сендерге: 
«Менде Аллаһтың қазыналары бар демеймін, мен ғайыпты 
да білмеймін. Мен бір періштемін демеймін және көздеріңе 
ілмейтіндерге: «Аллаһ сендерге жақсылық қылмайды», – деп 
те айтпаймын. Аллаһ олардың көкейлеріндегіні жақсы біледі. 
Онда (егер оларды қусам), мен залымдардан боламын», – деді. 
Олар: «Ей, Нұх! Сен бізбен жанжалдасып, талас-тартысты 
көбейтіп жібердің. Шын айтқан болсаң, енді бізге бопсалаған 
нәрсеңді келтір», – деді. (Нұх): «Егер қаласа, оны сендерге 
Аллаһ қана келтіреді. Сендердің (одан бас сауғалауға) әлдерің 
келмейді. Егер Аллаһ сендерді адастыруды қаласа, сендерге 
насихат айтуды қаласам да, насихатым сендерге пайда 
бермейді. Ол – Раббыларың, сендер Оған қайтарыласыңдар», 
– деді»
1

Сонымен, Нұх пен қауымының ортасында қарама-қайшылық 
туындады. Аллаһ тағала:
«(Мұхаммед!) Оларға Нұхтың хабарын оқы. Ол 
қауымына: «Ей, елім! Араларыңда тұруым, Аллаһтың 
аяттарын үгіттеуім сендерге ауыр келген болса, онда өздерің 
және серіктерің ойларыңа алған іске бекініңдер, ал мен 
Аллаһқа тәуекел еттім. Сосын істерің өздеріңе мұң болмасын. 
Кейін маған мұрсат бермей-ақ қолдарыңнан келгенін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет