Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет49/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

 
 
«Нұх Бізді үндеді, ал (Біз) қандай жақсы жауап берушіміз. 
Біз оны және үй-ішін үлкен қайғыдан құтқардық. (Жер 
бетінде) оның ұрпақтарын қалдырдық. Кейінгілердің ішінде 
ол (Нұх) жайлы (жақсы сөз) қалдырдық. Нұхқа әлемдерден 
сәлем болсын! Біз ізгі (амал) істеушілерді осылай 
марапаттаймыз. Ол біздің мүмін пенделерімізден. Сосын 
басқаларды суға батырдық»
1

«(Ей,) 
Нұхпен 
бірге 
(кемеге) 
мінгізгендеріміздің 
ұрпақтары!»
2
– деп айтылған. 
Нұх су тасқынынан кейін үш жүз елу жыл жасады делінген. 
Ол бүкіл өмірін Аллаһқа ғибадат етумен өткізген. 
Нұхтың қадір-қасиеттері 
Нұх жер бетіне жіберілген алғашқы елші еді
3
. Әбу Һурайра 
(Аллаһ оған разы болсын) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз 
(с.а.с.): «Қиямет күні мүміндер жиналып: «Раббымыздың 
алдында шапағатшы болатын біреуді іздесек» деп, Адамға 
келіп: «Ей, Адам! Сен – адамзаттың атасысың, Аллаһ сені Өз 
қолымен жаратты, Өзі саған рух үрледі, періштелерге 
бұйырып, саған сәжде жасатты және сені жаннатқа 
орналастырды, бізге Раббымыздың алдында шапағат етпейсің 
бе? Біздің жағдайымызды көрмейсің бе?» – дейді. (Адам)
«Раббым қатты ашулы. Мұның алдында бұлай ашуланбаған
бұдан кейін де бұлай ашуланбайды. Мені жемістен қайтарып 
еді, күнәкарлық істедім. Өзім!... Өзім!... Менен басқаға 
барыңдар! Нұхқа барыңдар!» – дейді. Адамдар Нұхқа келіп: 
«Ей, Нұх! Сен – жер бетіне жіберілген әуелгі елшісің, Аллаһ 
сені шүкір етуші пенде деген, біздің жағдайымызды көрмейсің 
1
«Саффат» сүресі, 75-82 аяттар. 
2
«Исра» сүресі, 3-аят. 
3
Елші мен пайғамбардың айырмашылығын кіріспеде келтіргенбіз. 


60


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет