Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет46/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

сәлем болсын! Біз ізгі (амал) істеушілерді осылай 
марапаттаймыз. Ол біздің мүмін пенделерімізден. Сосын 
басқаларды суға батырдық»
2

«Расында, Біз су тасыған кезде сендерді кемеге 
отырғыздық. Оны сендерге бір ескерту үшін әрі оны ұғатын 
құлақтардың ұғуы үшін (жасадық)»
3
, – деген. 
Су көбейіп, қалалар мен ауылдарды алды. Судың беті жер 
бетіндегі ең биік таулардан он бес кезге дейін жоғары көтерілді. 
Нұхпен бірге болғандардан басқаның бәрі суға батты. Аллаһ 
тағала осы топан кезіндегі жайды:
«Сонымен, Нұх кемеге шықты. Су деңгейі кеменің астына 
жақындағанда ол: «Оған (кемеге) отырыңдар, оның жүруі де, 
тұруы да Аллаһтың атымен. Расында, Раббым өте Кешірімді, 
1
«Қамар» сүресі, 11-14 аяттар. 
2
«Саффат» сүресі, 75-82 аяттар. 
3
«Хаққа» сүресі, 11-12 аяттар. 


56
 
 
аса Мейірімді», – деді. Ол (кеме) оларды таулардай толқында 
алып жүрді»
1
, – деп сипаттайды. 
Сол уақытта оған Аллаһтан:
«Өзің және өзіңмен бірге болғандармен кемеге орналассаң: 
«Мақтау-мадақ бізді залым қауымдардан құтқарған Аллаһқа 
тән» де. Сондай-ақ «Раббым! Мені құтты бір қонысқа түсір! 
Сен – түсірушілердің ең абзалысың» де»
2
, – деген әмір келді. 
Аллаһ тағала Нұхқа онымен бірге отбасын да құтқаруға уәде 
берген еді. Шын мәнінде де, оның бір ұлынан басқа барлық 
отбасы мүшелері, әйелі өзімен бірге кемеге шықты. Аллаһ тағала 
Құранда:
«Аллаһ кәпірлерге Нұхтың әйелі мен Луттың әйелін 
мысалға келтірді. Ол екеуі Біздің құлдарымыздан екі ізгі 
құлдың әйелі еді, ол екеуі екеуіне опасыздық етті. Сонда ол 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет