Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


«Олар (Ибраһимге) кірген кезде: «Сәлем», – десті



Pdf көрінісі
бет89/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

«Олар (Ибраһимге) кірген кезде: «Сәлем», – десті. (Ибраһим 
де): «Сәлем, бөгде қауым», – деді. Дереу үйіне барып, семіз бір 
бұзау әкелді. Оны оларға жақындатып: «Жемейсіңдер ме?» – 
деді. (Тамаққа қол созбағандарын көріп), олардан тіксініп
қорықты. Олар: «Қорықпа!» – деді де, оны білімді бір ұлмен 
сүйіншіледі. Сонда (Ибраһимнің) жұбайы, демін ішіне тартып 
келіп, өз бетін ұрды да: «(Мен) бір бедеу кемпір», – деді. Олар: 
«Раббың осылай деді. Ол – аса Дана, бәрін Білуші», – деді»
1
, – 
деген. 
Сонда барып Ибраһим олардың періште екенін білді. Өйткені 
олар: «Қорықпа, расында, біз Луттың қауымына жіберілдік»
2

– деген-ді.
Сөйтіп, періштелер өздерінің басты мақсаттары не екенін 
айтты. Аллаһ тағала:
«(Ибраһим): «Ей, елшілер! Бұйымтайларың не?» – деді. 
Олар: «Шын мәнінде, біз бір күнәкар елге жіберілдік. Оларға 
лайдан тас жаудыру үшін! (Бұл) Раббыңның алдында шектен 
шыққандар үшін белгіленген», – деді»
3
, – деп айтқан. 
1
«Зәрият» сүресі, 25-30 аяттар. 
2
«Һуд» сүресі, 70-аят. 
3
«Зәрият» сүресі, 31-34 аяттар. 


105
 
 
Олар өздерінің келу себебін айтып жатқанда, Сарра 
қонақтарға қызмет жасап жүрген еді. Мұны естіп күлді. 
Ғалымдар: «Ол Луттың қауымы жойылатынын естіген кезде 
қуанды. Өйткені олар жер бетін бұзақылыққа толтырған 
болатын», – деп пікір білдірген. Лут: «Жер бетінде бұлардан 
кесірлі ешбір елдің тұрғындарын білмеймін», – деген.
Аллаһ тағала: «Оның әйелі түрегеп тұрған, күліп жіберді. 
Сонда оны Исхақ және артынан Яғқубпен сүйіншіледік»
1
, – 
дейді. 
Яғни Сарраға үш сүйінші хабар келді. Оның алғашқысы – 
Ибраһим мен Сарраның Исхақ деген ұл сүйетіндіктері, екіншісі – 
Яғқуб атты немере көретіндіктері, кейінгісі – Сарра анамыздың 
ұзақ жасайтындығы жайлы еді. Бұл сүйінші хабарды естіген 
Сарра анамыз таңданысын жасыра алмай: «Сорым құрысын, мен 
кемпір, ал мына ерім шал болып тұрып туамын ба? Шын мәнінде, 
бұл – таңғаларлық нәрсе», – дегенде, Аллаһтан үмітін үзгендердің 
бәріне ғибрат болар: «Сен Аллаһтың ісіне таңғаласың ба? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет