114
– «Ондай болса, Ол бізді өлтірмейді» деген сөзі әйелдерден
бұрын еркектерге ғибрат болмақ. Яғни пенде әркез Аллаһтың
әмірі мен құдіретіне шүбәсіз иман келтірсе,
ешқашан ескерусіз,
қараусыз қалмайды. Оның әмірлеріне бойсұнған кісі кедейлік пен
мұқтаждықтан қорықпайды. Өйткені оның ризығын Аллаһтың
Өзі жеткізеді. Сондай-ақ қайсыбір пенде Аллаһтың бұйрықтарын
бұлжытпай орындайтын болса, Ол оны қолдап-қуаттайды.
Харамнан бойын аулақ салса, есесіне, Аллаһ тағала оған халалын
нәсіп етеді. Сол себепті де бұрынғы өткен ізгі мұсылман әйелдер
күйеуін босағадан шығарып саларда: «Біз үшін Аллаһтан қорық.
Біз аштыққа бірнеше күн шыдай аламыз, бірақ тозақ отының
ыстығына бір сәт те сабыр ете алмаймыз. Үйімізге
харам нәрсе
әкелме», – деп айтатын болған.
– Адам баласының сезімдеріне көз салар болсаңыз, ананың
баласына деген пәк, таза махаббатына
тең келер ештеңе
таппайсыз. Бұл әсіресе құшағындағы өз баласын жоғалтуына бір
табан жақын тұрған ананың жағдайында айқын көрініс табады.
Иен далада баласынан айырылу халіне ұшыраған, бірдеңе істеуге
шарасы қалмаған ананың орнына өзімізді қойып көрейікші.
– Бұл көріністегі тағы бір ғибрат алар нәрсе, адам баласының
қарап отырмай себеп іздеуі. Бір көмек болар деген үмітпен Ажар
анамыз айла-шарасы жоқ болса да, үмітін үзбей жәрдем боларлық
бір себеп іздеді. Міне, мұсылман осылайша себеп іздейді, бірақ
бұл әрекет – Аллаһтың әміріне қарсы шығу деген сөз емес. Сафа
мен Маруа арасында жүгірген Ажар анамыздың өзін Аллаһтың
тағдырына
тапсырып, соқыр тәуекелге бармай, қолдан келгенін
істеп, нағыз тәуекел етуі – екінің бірінің қолынан келе бермейтін
іс.
8. Құрбандық оқиғасынан алынар өнегелер:
– Ибраһимнің:
«Ей, балақайым! Мен түсімде сені бауыздап
Достарыңызбен бөлісу: