Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет101/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

 
 
істемеген бір жиіркенішті істі ойлап тапты. Аллаһ тағала Құранда 
оны: «Лут сол уақытта еліне: «Сендерден бұрын әлемдерден 
ешкім істемеген бір арсыздық істейсіңдер ме? Сендер 
әйелдерді қойып, еркектерге шақуат қоясыңдар ма? Әрине, 
сендер – азғын елсіңдер», – деді»
1
, – деп баян еткен. 
Аллаһ тағала Садум елін жоюға жіберген періштелер: 
«Расында, біз бір қылмысты елге жіберілдік. Тек Лутты және 
(оған ілескендерді) ғана түгел құтқарамыз»
2
, – деген. 
Ол елге Лут пайғамбар: «Дүниеде (әйелдер бола тұрып)
еркектерге шабасыңдар ма? Раббыларың сендер үшін 
жаратқан әйелдеріңді тастайсыңдар ма? Сендер – шектен 
шыққан елсіңдер»
3
, – деді. 
Яғни олардың ерлері әйелдермен жыныстық қатынас жасаудан 
гөрі еркектерді қош көретін. Аллаһ тағала бұл жиіркенішті істі 
көп аяттарында қаралаған:
«Лут сол уақытта еліне: «Сендер көре тұра арсыздық 
істейсіңдер ме? Сендер әйелдерді қойып, еркектерге шақуат 
қоясыңдар ма? Әрине, сендер – надан елсіңдер», – деді»
4

Яғни олар мұны ашық істейтін және бір-бірінің осындай іспен 
айналысып жатқанын өздері де көретін-ді. Оларды азғындықтары 
осындай халге әкелген болатын. Құранда ешбір қауым бұлардай 
кері сипатталмаған. Кәпірлер, қылмыскерлер, шектен шыққандар, 
бұзықтар, қарсы келгендер және надандар – барлығы оларда 
болды. 
«Лут сол уақытта еліне: «Рас, өздеріңнен бұрын әлемде 
ешкім істемеген арсыздықты істедіңдер. Сонда сендер 
1
«Ағраф» сүресі, 80-81 аяттар. 
2
«Хижр» сүресі, 58-59 аяттар. 
3
«Шұғара» сүресі, 165-166 аяттар. 
4
«Нәмл» сүресі, 54-55 аяттар. 


120


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет