Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет104/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

«Онда Лут бар», – деді. (Олар): «Ол жерде кімнің бар екенін 
жақсырақ білеміз; (азапта) қалушылардан болатын әйелінен 
басқа, оның өзін және үй-ішін, әлбетте, құтқарамыз», – деді»
1

Ибраһимнің 
періштелермен 
Луттың 
қауымы 
туралы 
сөйлескені жайлы Аллаһ тағала басқа бір аятта: «Ибраһимнен 
қорқыныш 
кетіп, 
қуаныш 
келген 
кезде, 
Бізбен 
(елшілерімізбен) Лут елі жайында тартысты. Шынында, 
Ибраһим өте жұмсақ, аса абай, тәубешіл»
2
, – дейді. 
Яғни ол Лут елінің осыншалықты зұлымдықтары мен 
бұзықтықтарына қарамастан, оларға тағы да мұрсат берілуін 
қалады. Сол уақытта Аллаһтан: «Ей, Ибраһим! Бұдан жүзіңді 
бұр! Өйткені Раббыңның әмірі келген. Расында, оларға 
қайтарылмайтын азап келеді»
3
, – деген әмір келді. 
Сонымен, періштелер Садум жаққа аса сымбатты жас жігіттер 
кейпінде келді. Бұл ешқандай желеу қалмау үшін ақырғы сынақ 
болатын. Аллаһ тағала періштелерге: «Пайғамбарларының оларға 
қарсы куәлік беруін күтіңдер», – деп тапсырды. Яғни Лут өз 
қауымына қарсы үкім айтқанша, оларды жоймауларын ескертті. 
Сөйтіп, олар елді мекенге келіп кірді. Ауыл сыртынан су әкеле 
жатқан Луттың қызы бұл көрікті жас жігіттерді көрді де, 
адамдардың оларға қарсы қылмыс жасауынан қорқып, олардың 
1
«Анкабут» сүресі, 32-аят. 
2
«Һуд» сүресі, 74-75 аяттар. 
3
«Һуд» сүресі, 76-аят. 


123
 
 
аялдай тұруын өтініп, мән-жайды әкесіне жеткізді. Қызы Лутқа: 
«Бір жас жігіттер келді. Мен оларға бір нәрсе болуынан қорқып 
тұрмын», – деді. Сонда Лут тездетіп барып оларға: «Сендерге не 
керек?» – деп тіл қатты. Олар: «Қонақпыз», – деді. Лут оларды 
қайтарып жібермек болып сәл кідірді де, бірақ олай істеуге ары 
жібермеді. Сөйтіп, оларға: «Жүріңдер», – деді. Лут жолда оларға 
жағдайды түсіндірмек болып: «Аллаһпен ант етем, ей, жігіттер! 
Мен бүкіл жер жүзінде бұлардан кесірлі елді білмеймін», – деді. 
Жол бойы Лут әлгі сөзін бірнеше рет қайталады. Ал періштелер 
оның қарсы куәлігін күтетін еді. Сонымен, олар үйге кірген соң, 
Лут оларды жасырып қойды. Луттың бұзақылыққа қатысы бар 
кәпір әйелі жұртқа: «Луттың үйінде өмірімде көрмеген көрікті 
кісілерді көрдім», – деп жар салды. 
Сонымен, бұл хабар ауылдың бұзақы тұрғындарына тарады. 
Олардың барлығы Луттың үйіне асығып келді. Аллаһ тағала: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет