Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет27/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

 
 
Сонымен, құрбандық берер күні Әбіл қойларының ішіндегі ең 
жақсысын таңдап алып, оны Аллаһ тағалаға құрбандық ретінде 
ұсынды. Ал Қабыл жеуге жарамсыз, бұзылған нашар 
көкөністерін алып келді. Олар келесі күні келгенде Әбілдің 
құрбандығына от түскенін, ал Қабылдың құрбандығына ештеңе 
тимегенін көрді. Бұл жағдай Қабылдың Әбілге деген ашу-ызасын 
одан сайын өршіте түсті. Бұрыннан-ақ ол өз қарындасына 
Әбілдің үйленуін қаламайтын. Енді оның үстіне құрбандық 
мәселесі келіп қосылғанда, шайтан оны: «Бауырыңды өлтір», – 
деп азғырды. Сонымен, Қабыл бауырын өлтірмекке бекінді. Кісі 
өлтіру оларда бұрын болмаған жат нәрсе болатын. Ол Әбілге 
келіп: «Мен сені өлтіремін», – деді. Әбіл оған: «Егер мені 
өлтірмек болсаң, қорғанбаймын. Саған қарсы қол көтермеймін
қарсы да шықпаймын. Сен мені өлтіріп, күнәкар атанып, 
күнәларыңның үстіне күнә арқалайсың», – деп жауап қатты. Бірақ 
Қабыл бәрібір алған бетінен қайтпай, Әбілді өлтірді. Бұл адамзат 
тарихындағы алғашқы кісі өлтіру қылмысы еді. Қабыл не істерін 
білмей абдырады. Бауыры Әбілдің денесін арқалаған күйі жан-
жаққа безек қақты. Сол уақытта Аллаһ тағала кенет екі қарғаны 
түсірді. Олар бір-бірімен шұқысып, біреуі екіншісін өлтірді. 
Сосын тірі қалған қарға жерді қазып, өлген қарғаның денесін 
сонда тастап, үстін топырақпен жапты. Олардың әрекетін 
бақылап отырған Қабыл бауырын қалай көмуді білді. Жерді 
қазып, оған Әбілдің денесін қойды да, бетін топырақпен көмді.
Ол өзінің орны толмас ағаттығына қатты өкінді. Бірақ күнәсі 
үшін Аллаһ тағаладан кешірім сұрамады. Шынайы тәубе толық 
болу үшін жалғыз өкініш жеткіліксіз. Егер кісі бір күнә істесе, ол 
міндетті түрде Аллаһ тағаладан кешірім сұрауы керек.
Аллаһ тағала Құран Кәрімде Қабыл мен Әбілдің оқиғасын: 
«(Мұхаммед!) Оларға Адамның екі ұлының әңгімесін 
ақиқатпен оқы: «Сол уақытта екеуі (Аллаһқа жақындық үшін) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет