Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет23/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

 
 
қисық күйінде қалады, (сондықтан) әйелдермен жақсы 
қатынаста болыңдар»
1
, – деген. 
Сахих хадистерде Ибраһимнің әйелі Сарраның адамзат 
тарихында Хауа анадан кейінгі ең көрікті әйелдердің бірі 
болғандығы баян етіледі. Бұл хадис Хауа ананың адамзат 
жаратылғаннан Қиямет күніне дейін ең сұлу әйел болып 
қалатындығын көрсетеді. 
Ібілістің азғыруы 
Адам ата мен Хауа анаға өштескен Ібіліс оларды азғыра 
бастады. Бұл азғыру Адам мен Хауа жаннатқа орналасқаннан 
кейін басталды. Аллаһ тағала: 
«Біз: «Ей, Адам! Сен және жұбайың жаннатта тұрыңдар. 
Одан қалаған жерлеріңде емін-еркін жеңдер де, мына ағашқа 
жоламаңдар. (Әйтпесе) әділетсіздерден боласыңдар», – 
дедік»»
2

«Сол кезде періштелерге: «Адамға сәжде етіңдер», – дедік. 
Сонда олар сәжде етті. Тек Ібіліс қана (сәжде етпей) бас 
тартты. Біз: «Ей, Адам! Шын мәнінде, бұл – саған және 
жұбайыңа дұшпан. Ол сендерді жаннаттан шығармасын. 
Онда бақытсыз боласың. Сен ол жерде (жаннатта) 
ашықпайсың және жалаңаш болмайсың. Сен ол жерде 
шөлдемейсің және күннің аптабында қалмайсың», – дедік»
3
, – 
деген.
Яғни Ібіліс Адам мен оның әйелі Хауаға әуел бастан-ақ 
дұшпан болды. Олар шөлдеуді, аптапты сезбестен, қарындары 
тоқ, киімдері бүтін, молшылық-бақытта бейпіл өмір сүрді әрі 
ешқандай қиындық, жоқшылық көрмеді. Сол уақытта Ібіліс 
1
Хадисті әл-Бұхари мен Муслим жеткізген. 
2
«Бақара» сүресі, 35-аят. 
3
«Таһа» сүресі, 116-119 аяттар. 


30
 
 
тарабынан азғыру басталды. Бұл азғыру оларға сол Аллаһ тағала 
тыйым салған ағашты мәңгілік пен патшалық ағашы деп көрсету 
арқылы іске асты. Олар ағаштан жеміс жеген сәтте әуреттерін 
жауып тұрған киімдері сыпырылып, жалаңаш халге түсті. 
Өйткені шайтан олардың осылай жалаңаш қалуын және Аллаһ 
тағалаға қарсы келуін қалаған еді. Аллаһ тағала: «Сонда шайтан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет