Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


екеуіне Аллаһтың алдында ештеңе пайда бермеді және



Pdf көрінісі
бет47/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

екеуіне Аллаһтың алдында ештеңе пайда бермеді және: 
«Екеуің кірушілермен бірге тозақ отына кіріңдер», – 
делінді»
3
, – деп айтқан. Оның кәпір әйелі бұл кезде өліп қалған 
еді. Ал кемеге мінген әйелі иманды болатын. 
Нұхтың иман келтірмеген бір кәпір ұлы ғана кемеге 
отырмады. Оның аты Ям болатын. Бір деректерде оны Канған деп 
те атайды. Су тасқыны кезінде оны әкесі кемеге шақырды. Бұл 
жағдай Құранда: 
«Нұх айырылуда болған ұлына: «Ей, балақайым! Бізбен 
бірге (кемеге) отыр, кәпірлерден болма!» – деп дауыстады. 
(Баласы Канған): «Мен судан сақтайтын тауға паналаймын», – 
деді. (Нұх): «Бүгін Аллаһтың әмірінен, Ол рақымшылық 
еткендерден басқаға сақтаушы жоқ», – дегенде, екеуінің 
1
«Һуд» сүресі, 41-42 аяттар. 
2
«Муминун» сүресі, 28-29 аяттар. 
3
«Тахрим» сүресі, 10-аят. 


57
 
 
арасына толқын түсіп, (Канған) суға батқандардан болды»
1
, – 
деп баяндалады. 
Нұхқа Аллаһ тағала оның отбасын құтқаруға уәде берген еді. 
Енді болса бір ұлы суға батты. Сонда ол Аллаһ тағалаға 
жалбарынып:
«Раббым! Негізінде, ұлым отбасымнан ғой. Расында, Сенің 
уәдең ақиқат. Сондай-ақ Сен – ең тура үкім Етушісің»
2
, – деді. 
Алайда Нұх ұлының суға батқаны үшін Аллаһ тағалаға 
қарсылық білдірмеді. Сонда Аллаһ тағала:
«Ей, Нұх! Ол сенің отбасыңнан емес. Өйткені ол (ұлыңның 
істегені) дұрыс іс-амал емес. Сондықтан білмеген нәрсеңді 
Менен сұрама. Саған надандардан болмауыңды насихат 
етемін»
3
, – деді. 
Сол кезде Нұх бірден Раббысына тәубе етіп:
«Раббым, білмегенімді сұраудан Өзіңе паналаймын. Егер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет