75
«Сен – біз тәрізді адам ғанасың. Егер шыншылдардан
болсаң, бір белгі әкел»
1
, – деп айтты.
Аруана мұғжизасы
Қауымы Салихқа біздің
саған ілесуімізді қаласаң, бізге бір
дәлел келтір деп шарттарын қоя бастады. Олар: «Біз кез келген
белгіні қабылдамаймыз, оны өзіміз таңдаймыз. Мына үлкен
жартастың көз алдымызда жарылып, соның ішінен түйе шығуын
қалаймыз», – деді. Сонымен, елдің беткетұтарлары оған күліп,
әжуалай бастады. Олардың бірі: «Ол он айлық буаз болу керек», –
десе, бірі: «Оның түсі қызыл болсын», – деді. Ал біреуі: «Оның
жүні қалың болсын», – деді. Басқа біреуі: «Ол
өмірімізде
көрмеген өте алып түйе болсын», – десе, тағы біреуі: «Оның
үлкендігі сондай құдықтан бір күні ол, ал екінші күні біз
ішетіндей болайық», – деп шарт қойды. Сонда Салих оларға:
«Егер осы белгілер келсе, сендер иман келтіресіңдер ме?» – деді.
Олар: «Иә», – десті. Салих: «Адамдарды жинаңдар», – деді.
Сөйтіп, олар уәделескен күні жиналды. Сол уақытта Салих
Раббысына дұға қылды. Сол кезде жер сілкініп,
көз алдарында
жартас қақ жарылды және оның ішінен олар өмірінде көрмеген
өте алып түйе шықты. Бәлкім, ол тарихтағы ең алып түйе шығар.
Ол бір ауылға жететін суды жалғыз өзі ішетін-ді. Сондай-ақ
ішінде он айлық ботасы бар еді. Яғни өздері сұранған сипаттағы
түйе болды. Сонда Аллаһ тағаланың әмірін жеткізіп Салих:
Достарыңызбен бөлісу: