Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


«Ей, халқым! Мынау – Аллаһтың аруанасы, сендерге бір



Pdf көрінісі
бет64/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

«Ей, халқым! Мынау – Аллаһтың аруанасы, сендерге бір 
мұғжиза
2
. Оны жайына қалдырыңдар, Аллаһтың жерінде 
1
«Шұғара» сүресі, 154-аят. 
2
Яғни бұл аруанадан туылған жай түйе емес. Бәлкім, ол – Аллаһ 
тағаланың мұғжиза түйесі. 


76
 
 
жайылсын. Оған жамандық тигізбеңдер. Онда (олай 
істесеңдер), сендерді жуықта бір азап қолға алады»
1
, – деді.
Сондай-ақ Салих оларға шарт қойып:
«Міне, бір – аруана. Су кезегі бір күні оныкі де, бір белгілі 
күн сендердікі
2
. Оған жамандықпен соқтықпаңдар. Онда 
сендерді ұлы күннің азабы қолға алады», – деді»
3
.
Аллаһ тағала: «Біз оларға сынақ ретінде түйені жібереміз. 
Сен олардың не істейтіндерін күт және сабыр ет. Оларға су 
араларында бөлінгенін, әрбір су кезегінің келетінін хабарла»
4

– деген. 
Салих оларды «түйеге жауыздық істемеңдер және оны судан 
тыймаңдар» деп қайта-қайта ескертіп: «Аллаһтың түйесіне әрі 
оның суына (килікпеңдер)»
5
, – деді. 
Адамдар бұл мұғжиза-белгіні көрген сәтте екіге бөлінді. 
Олардың азғанасы ғана иман келтіріп, Салихқа ілесті. Бірақ 
олардың көбісі бұл мұғжизаны өз көздерімен көре тұра
мойындамады және Аллаһ тағала айтқандай, Оның мұғжизасына 
қатысты ынсап көрсетпей, зұлымдық қылды. Аллаһ тағала: 
«Оларға мұғжизаларымызды келтірдік. Алайда олар одан бет 
бұрды»
6

«Самуд еліне көрнеу түрде аруана жібердік. Бірақ олар 
оған зұлымдық қылып, өлтірді»
7
, – деп айтқан. 
Олар бұл мұғжизаны көздерімен көре тұра, оған зұлымдық 
жасады. Бұл шүбәсіз айқын дәлел болатын. Мұны біреулер тіпті 
сиқыр деп айтудан да тайынбады. Алайда түйе олардың арасында 
1
«Һуд» сүресі, 64-аят. 
2
Яғни құдықтан бір күн ол ішеді, бір күн сендер ішесіңдер. 
3
«Шұғара» сүресі, 155-156 аяттар. 
4
«Қамар» сүресі, 27-28 аяттар. 
5
«Шәмс» сүресі, 13-аят. 
6
«Хижр» сүресі, 81-аят. 
7
«Исра» сүресі, 59-аят. 


77


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет