Үй жағдайларында көмек көрсетуде қажеттілікті қанағаттандыру
Басқа да маңыздылау сұрақ: өлім халіндегі науқас соңғы сағаты мен минутын өз үйінде өткізгісі келсе, егер оның соңғы тілегі солай болса, көмекті үйлестіруді жақсарту жолымен қажетті жағдайларды жасау мүмкін бе. Ауруханалық және коммунальдық қызмет үйлестірулеріне әртүрлі жақындаулармен жүргізілген зерттеулердің көрсетулерінде, адамдар өз үйінде өлгенін қалаған кезде, көмектің көрсетілу пайызының көп жағдайларында мүмкіндіктер береді. Жақсы үйлестірілген қолдаумен қамтамассыз ету, сонымен қатар науқасты күтетін туыстарының күйін жеңілдететіндігі туралы дәлелдеуші шындық мәліметтер бар.
Жанұясы мен туыстарына көрсетілетін қолдаулар
Егде жастағы адамдарды күтуді жүзеге асыруда, адамдарды қолдайтын әртүрлі
қызметтер бар. Оларға үйге көрсетілетін көмек, күтім қызметі, еріктілердің қоғамдық ұйымдар қызметі, қолдау тобы, жеке тұлғалық психотерапия мен оқытулар кіреді. Күтімді жүзеге асыратын тұлғалар, көбінесе үйге көрсетілетін көмектің сапасымен қанағаттанады және егер олар уақыт ара науқастан кеткен жағдайда, күтуші қызметін қолдану мүмкіндіктерін бағалайды. Қартайған адамдарды күтудегі қажетті басымдылық тұлғаларды анықтау бойынша, одан әрі қарай жұмыстар қажет, сонымен қатар қазіргі кездегі қызметтер оларға қандай шамада айқын көмек көрсете алады. Естен шығармайтын маңызды жай, бұл кезде адамдар оларға көңілмен және түсінікпен қарайтындығын сезінуі тиіс, - бұның өзі көрсетілетін көмектің маңыздылығына жатады. Қобалжу мен депрессия – жақын адамынан айрылу немесе жоғалту қаупі кезіндегі болатын қалыпты реакция. Көп жылдық байланыстың үзілуге жақын тұрған осы кездегі адамдармен кездескенде, медициналық қызметкерлер бұл терең эмоцияларға әсер ете алмайды. Соған
қарамастан, олар оқшауланған қосымша уайымдардан немесе абыржудан парапар мен келісімді көмек жолымен қайғыруды жеңілдетеді.
Паллиативті медицинадағы этикамен деонтологиясы
Медициналық этикасында төрт негізгі қағидалары бар: "жақсылық жаса", "зиян келтірме, "өзін-өзі силау," "әділді бол". Осылар қай сала болсада қолданады, бірақ паллиативті медицинада ерекше қолданылады.
Паллиативті медицинаның этикалық қағидалары:
-өміріңді сила;
-өлім шарасыздығын жібер;
-керекті қорларды тиімді қолдан;
-жақсылық жаса;
- зиян келтірмеуге тырыс.
Пациент өзінің тәндік проблемаларымен кездеседі. Мысалы, ең басында қорқыныш сезім туындайды, содан әрі қарай сенбеушілік үмітсіздік пайда болады. Осындай жағдайда бұл адамға көмектесіп жалпы өмір сұруге ынталану керек. Егер жақсы қарым қатынас болса,пациент сіздің қамқорлығыңызды сезінеді.
Паллиативті медицинаның этикалық проблемалары:
-емін таңдау;
-пациенттің ағзасының қабілеті;
-емнің мақсаты;
-асқынулары;
-пациенттің қалауы;
-жазылмайтын пациентпен қарым қатынас жасау;
-тұған-туыстарына қамқор көрсету;
паллиативті күтім пациенттерге жақсы өлім ұсынады. Дәрігермен мейірбике пациенттерді қорғап, қолдап өзінің борышын білуге тиіс. .
Хоспистер, онкоорталықтары, онкодиспансерлері, онкологиялық бөлімшелері және паллиативті бөлімшелер практика жүзінде медициналық өсиеттінің этикалық құндылығының ақтайды: SALUS AEGROTI SUPREMA LEX - "Аурудың игілігі бәріненде жоғары".
Достарыңызбен бөлісу: |