Қол жеткізу тәсілдері:
Аудан әкімі аппараты, мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімдер, қала және ауыл әкімдерінің қатысуымен келесі шаралар көзделуде:
1-кезең
-
Халық арасында мемлекеттік қызмет алу, оның ішінде «e-gov» электронды формат бойынша нассихаттау жүргізу;
-
Сауалнама жүргізу арқылы мемлекеттік қызметтің қанағаттанушылығын анықтау жұмысын жүргізу (карточка);
-
Әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметті электрондық форматқа ауыстыру
2-кезең
-
Халық арасында мемлекеттік қызмет алу, оның ішінде «e-gov» электронды формат бойынша нассихаттау жүргізу;
-
Сауалнама жүргізу арқылы мемлекеттік қызметтің қанағаттанушылығы бойынша ары қарай жұмыс жүргізу
-
Әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметті электрондық форматта ұлғайту
-
Ақпараттық құралдарда ақпарат беру;
-
Ақпаратты ақпараттық құралдарда баяндау;
-
Семинарлар, дөнгелек үстел өткізу;
-
Нормативтік-құқықтық актілерді әкімнің интернет-қорларында акуальдандыру.
5. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР
Панфилов ауданының аумақтық даму Бағдарламасын сәтті жүзеге асыру үшін бюджеттік және жеке қаржыландыру көздері тартылатын болады. Сонымен қатар, бюджет қаражаттары негізінен әлеуметтік міндеттерді шешуге, инфрақұрылымды дамытуға, бизнесті қолдауға шара жасауға бағытталады.
Бағдарламада көрсетілген мақсаттарға жетуге, инвестициялық жобаларды іске асыруға жұмсалатын қаржылардың көлемі шамамен 176,4 млрд.теңгені құрайды. Ол қаржы негізінен мына көздерден алынады:
жергілікті бюджет қаржысынан – 13,6 млрд.теңге, республикалық бюджеттен – 9,8 млрд.теңге, жеке инвесторлардың қаржысы – 153,0 млрд.теңге;
әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға бюджеттік қаржыдан 8,5млрд.теңге, оның ішінде 4,3 млрд.теңге республикалық бюджеттен және 4,2 млрд.теңге жергілікті бюджеттен.
Бюджеттік қаржыға негізделген жобалардың қаржылар көлемі үш жылдық бюджетті бекіту барысында өзгертілетін болады.
-
БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ
Алматы облысы Панфилов ауданының 5 жылға арналған даму бағдарламасын басқаруды Панфилов ауданының экономика және бюджеттік бөлімі жүргізетін болады. Бадарламаны басқару процессі келесі сатылардан тұрады:
- мониторинг;
- бағалау;
- бақылау.
1.Аумақтарды дамыту бағдарламаларының мониторингі жыл қорытындылары бойынша жылына бір рет жүзеге асырылады.
2. Ауданды дамыту бағдарламасының мониторингін ауданның мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдары іске асыру туралы есепті қалыптастыру жолымен ауданды дамыту бағдарламасын іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар ұсынатын іске асыру туралы ақпараттың негізінде жүргізеді.
3. Ауданды дамыту бағдарламаларының мониторингін жыл қорытындылары бойынша жүргізу үшін: ауданды дамыту бағдарламасын іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган өз құзыреті шегінде есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарына дейін ауданның мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына іске асыру туралы ақпаратты ұсынады;
4.Ауданның мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган ұсынған іске асыру туралы ақпарат негізінде ауданды дамыту бағдарламасын іске асыру туралы есепті қалыптастырады және есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей бірінші басшының қойған қолымен веб-порталда орналастырады. Ауданның мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органында веб-портал болмаған жағдайда, іске асыру туралы есеп аудан әкімдігінің веб-порталында орналастырады.
Мониторинг «Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар және нәтижелер көрсеткіші» бөлімінде көрсетілген міндеттер көрсеткіштері бойынша жүргізіледі.
Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі Панфилов ауданының даму бағдарламасына жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша жалпы есеп дайындап, оны Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей беруі тиіс.
Логико-құрылымдық талдау матрицасы ұсынылып отыр, ол арқылы бағдарламаны іске асыру барысы кезінде және аяқталғаннан кейін де мониторинг жүргізуге және бағалауға тиімді болып табылады. Сонымен қатар бағдарламалық құжат жобасының сапасын бағалауға тиімді және оның барлық құрлымын ыңғайлы әрі қысқартылған түрінде көрсетеді. Логика-құрылымдық талдау матрицасының құрылымы 1-кестеде корсетілген.
1-кесте. Логика-құрылымдық талдау матрицасының типтік құрылымы
Бағдарламаның құрылымдық бөлімдері | Индикаторлар көрсеткіштері | Мерзімі | Ауытқу себеп тері | Жұмысты жақсарту шаралары | Жауапты адамдар |
Бағыт
|
Жоспар
|
Нақты
|
Ауытқу
|
|
|
|
|
Мақсаттар
|
|
|
|
|
|
|
|
Міндеттер
|
|
|
|
|
|
|
|
Іс шаралар
|
|
|
|
|
|
|
|
Ресурстар
|
|
|
|
|
|
|
|
1) Бағдарламада жоспарланған іс шараларды тиімді іске асыруда және жоспарланған мақсаттарға қол жету үшін бағадарламаның іске асуы барысына әсер ететін сыртқы ортаның және соған байланысты қабылданған шаралардың, бағдарламаны іске асыруға қатысты барлық жақтардың қарым-қатынастарын талдау арқылы құрылған маңызды қорытындылар мониторингтің нәтижесі болып табылады.
2) Аумақтың даму бағдарламасын іске асыруға бақылау жүргізу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесімен бекітілген Бағдарламаның іске асуына мониторинг және бағалау жүргізу жолымен уәкілетті мемлекеттік органмен жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |