Бірінші. Ынталандыру құрылымының ықпалы және мемлекеттік тілді игерудің бақылау дәрежесі оны кеңінен сіңіру елеулі қиыншылық туғызуда.
Екінші. Мемлекеттік тілді қолдану іскерлік қарым-қатынаста, іскерлікте, тұрғындарды қамту жүйесінде әлі де болса қанағаттанарлықсыз.
Cпорт
Белгіленген заңдар бойынша спорттық материалдық-техникалық базаны нығайтып, ұйымдастыру шараларын ауданда дене тәрбиесі және спортты дамыту мақсаты көзделген.
Дене тәрбиесі және спортпен негізгі көрсеткіштер жағы қадағалануда. Аудандағы іс- шараларға 162 спорттық жабдықтар, сонымен қатар 1 стадион, 12 ату тирі, 87 спорт алаңы, 1 жасөспірімдер спорт мектебі, 1 «Даулет Жаркент» ӨСК (өндірістік спорт клубы), 3 бассейн, 57 спорт залдар, ұлттық ат спортына атшабар берілген.
Алтыүй ауылындағы сауықтыру спорт кешеніне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Спорттық резерв даярлайтын аудандағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі бүгінгі күні қолданысқа берілді. 2013 жылы 1036 адам 10 түрлі спортпен шүғылданды.
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 21 тренер жұмыс істейді, оның ішінде 9 штат бойынша және 12 қосымша сағатпен. Бұл мектепте бүгінгі таңда 1036 қатысушы бар, 2011 жылмен салыстырғанда 15,6%-ға көбейді. 2013 жылы ЖӨСМ 12 спорт шеберіне кандидат, 22 бірінші разрядқа дайындалды.
2013 жылы ауданда 53 бұқаралық-спорт, спорттық сауықтыру іс шаралар өткізілді. Спорттық іс шаралар жүргізуге бюджеттен 2013 жылы 1,9 млн.теңге бөлінді.
Ауданда 9 спорт түрі қолға алынған: жеңіл атлетика, дзю-до, самбо, бокс, грек-рим күресі, футбол, волейбол, баскетбол, тоғызқұмалақ.
Көру, есту мүшелері зақымданған, ТҚА қозғалатын спортшы мен ардагер спортшыларға жыл сайын ауданда арнайы шаралар өткізіліп, 100-ден аса спортшылар қатысады.
Жыл сайын «Денсаулық фестивалі», «Президенттік миль» қалалық, ауылдық округтер аумағында өткізіліп, жарыстарға 7 жастан 80 жас аралағындағы 27,9 мыңнан аса спортшылар қатысып тұрады.
Аудан спортшылары ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп, халықаралық жарыстарға қатысып тұрады.
Қабылданған іс шаралар нәтижесінде, үнемі дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын тұрғындарды қамту 2013 жылы 23,7%-ға көбейді, 2011 жылы 23,1%.
Спортты дамытудағы өзекті мәселелер:
-
Жасөспірімдер спортының даму деңгейінің төменділігі. Ауыл спортының дамуы өте өткір жағдайда қалып отыр.
-
Спорттық мекемелерде материалдық-техниканың төменгі деңгейде болуы, спорттық инфрақұрылымның дамуына жетіспеушілігі.
-
Жасөспірімдерге спорт клубы және мектеп жүйелері жетіспеушілігі.
Туризм
Қазіргі уақытта ауданда туризм саласында 22 нысан бар, олар: 18 қонақ үй, 3 сауықтыру- емдеу санаториялары, 1 спорттық- сауықтыру лагері қызмет көрсетеді, 21 туристік фирмасы туризммен айналысу лицензиясын алған.
Туризм саласы бойынша жалпы қызмет көрсету көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 2013 жылға 55,4% немесе 225,4 млн.теңгені құрады (2011ж-145,0млн.теңге).
Панфилов ауданының туризм саласындағы мүмкіндіктері жылма-жыл Алматы, Талдықорған қалаларында өтетін республикалық, облыстық іс-шараларда көрсетілуде. Аймақтың туристік потенциалын байқататын жарнама-ақпараттық материалдар жариялануда. Туризм бизнесі өкілдері мен БАҚ үшін аудан аумағындағы туристік нысандарды және туристерді тарту мақсатында түрлі тұсаукесер рәсімдері өткізіледі.
Ауданда ішкі туризмді дамыту мақсатында іс-шаралар кең көлемде өткізіліп, жастар мен оқушыларға белсенді туризм саласымен айналысуға үлгі ретінде көрсетіледі. Жарнамалық ақпараттарға көркем-сәулет мұражайы «Жаркент мешіті», жеті ғасырлық тарихы бар «Аулиеағаш», тарихи орын «Орбұлақ» және «Іле- Балқаш» регатасын жарнамалау жүргізілуде. Бүкіл әлемдік туризм күніне және облыстық туристік слеттерге, «Жоңғар» туриадасына бағытталған әртүрлі туристік көпсайыстар, өрмелеуден жарыстар жылда өткізіледі.
Туризмнің дамуындағы өзекті мәселелер:
-
Туристік нысандар мен маршруттарда туристерді орналастыруға жағдай жасау шарттары жоқ.
-
Туризм саласы бойынша жарнамалық- имидждік ақпараттық құралдар аз таратылып, туризм саласы мүмкіндіктері көп таратылмаған.
-
Кадрларды дайындау, қайта дайындау және квалификацияларын көтеру деңгейі төмен.
Ішкі саясат
Ауданда 6 үкіметтік емес ұйымдар, аудандық Ауған соғысының ардагерлерінің қоғамдық бірлестігі, аудандық және қалалық мүгедектер қоғамы, соқырлар қоғамы, «Знание» ата-аналардың қоғамдық бірлестігі, Семей ядролық жарылыстар сынақ аланыңдағы зардап шеккен солдаттармен азаматтардың Панфилов ауданындағы «Мейіз» мүгедектер қоғамдық бірлестігі бар. Олар мына бағыттар бойынша жұмыс істейді: тұрғындардың әлсіз топтарын қолдайды, жұмысқа орналасуына көмектеседі, кәсіпкерлік ынтасын қолдап, жастардың құқығын қорғайды, т.б.
Соңғы жылдары үкіметтік емес ұйымдар құрылмады. Азаматтық қоғам институттарының байланыстыру кеңестермен өзара қатынастарын нығайту, үкіметтік емес ұйымдары мен мемлекеттік органдарының қарым-қатынасын реттейді. Кеңес отырысы жылына екі рет болады.
Ауданда 4 саяси партияның филиалы, 3 этно мәдениет орталықтары жұмыс істейді. 36 мешіт 2 православиелік шіркеу жұмыс істейді. Барлық діни нысандар мемлекеттік тіркеуден қайта өткен.
Жергілікті органдар этномәдениет өкілдерінің белсенді қатысуымен діни экстремизмнің алдын алу бойынша 15 іс шара жүргізді. Аудан әкімдігінде діни бірлестіктерімен қатынасу кеңесі жұмыс істейді, ол кеңес 2 отырыс өткізді. Қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен әртүрлі мәселелер бойынша 22 кездесу, 35 дөңгелек үстел, 18 акция, 20 семинар-кеңес өткізілді.
«Қазақстан -2050» стратегиясын, Қазақстан халқына жыл сайынғы Президенттің Жолдауын, ұзақ мерзімді мемлекеттік бағдарламаларды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы көпшілікке тарату мақсатында информациялық-насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Азаматтық қоғам институттарының мемлекеттік органдармен қатынас деңгейін, конфессия және этника аралық қатынастар аясында мемлекеттік саясатты оң бағалайтын, ҚР Президентінің жыл сайынғы Жолдауына қоғамдық ой-пікірін, саяси партияларының әрекетшілдігін, олардың елдің саяси-қоғамдық өміріндегі рөлі, аймақтық басшыларға сенім және наразылық деңгейін, жастардың қоғамдық тәрбиеленуіне көңіл бөлу, патриоттық тәрбие, ҚР мемлекеттік рәміздерін құрметтеу және ҚР «Сыбайлас жемқорлықпен күресу» Заңына социологиялық сауалнама жүргізілді. Аудан тұрғындарының пікірін зерттеу мақсатында 2011 жылы -2600, 2012 жылы - 2800 адам, 2013 жылы-3100 адам қатысты. Идеологиялық жұмыстың аспектісінің бірі бағдарламаның құжаттарын көрнекті үгіт-насихат элементттері арқылы (билбордтар, плакаттар) түсіндіріп тарату. Үгіт-насихат құралдарының қоғамдық рөлі, абсолютті көптік тұрғындарға күнделікті бастырмалы әсер етеді, әлеуметтік ортада айқын деңгейді қалыптастырады, әр түрлі халық тобының әлеуметтік мінез-құлқын, ой-пікір стандартының қалыптасуына қатысады.
Сала арасында келесі ағымды және келешекті мәселе белгіленеді:
- негізгі мемлекеттік саясаттың бағыттарын «сұхбат алаң», ақпарат-насихаттау іс шаралары, дөнгелек үстел өткізу, бұқаралық ақпарат құралдарында жаңа айдар ашу, азаматтық қоғам институттарының өкілдерімен қарым-қатынас, өзара қатынас арқылы әртүрлі мақсатты топтың хабардарлық деңгейін көтеру.
- келешекте қоғамда жалпықазақстандық патриотизмнің, конфессияаралық және ұлтаралық татулығын нығайту қажет;
- әсіресе ауылдағы қоғамдардың әлеуметтік мәселелерін шешуге үкіметтік емес ұйымдар қатысуын кеңейту қажет;
Жастар саясаты
«Қазақстан Республикасының жастар саясаты туралы» Заңын іске асыру бойынша ауданда нақты жұмыс атқарылып жатыр. 2013 жылдың сәуір айында «Панфилов ауданының жастар» орталығы құрылды. Қаржыландырылатын қор орталығы облыстық бюджет есебінен.
Ауданда 14-29 жастағы жастар саны -33788 адам. Оның ішінде Жаркент қаласында -10978 адам, ауылдық округтерде -22810 адам.
Аудан әкімдігінде жастар ісі бойынша кеңес жұмыс істейді.
Мемлекеттік жастар саясаты, «Қазақстан-2030» стратегиясы, жыл сайынғы Президенттің Қазақстан еліне арналған жолдауы аясында жастарда патриоттық сезім, тәрбиелік мінез құлығын нығайтатын үнемі әр түрлі іс шаралар (дөңгелек үстел, кездесулер, пікірталас, конкурстар) өткізіледі. 2013 жылы жастар арасында «Президент Жолдауы-әр жылдың басты құжаты», «Қазақстан достық пен татулықтың киелі шаңырағы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері- елдігімнің белгісі» және «Жастарға үкімет тарапынан қолдау көрсетілді» атты пікірталас турнирлер, «Наурыз аруы-2013», «Жігіт сұлтаны», «Әзілің жарасса» байқаулары, «Брэйн-ринг» атты интеллектуалды ойын өтті.
Ауданның мәдениет үйінде «Біз қазақша сөйлейміз» атты әр түрлі ұлт өкілдерінің қатысуымен КТК ойыны ұйымдастырылды.
Жыл сайын ауданның орталық алаңында «Бұл- біздің Ту» және Үлкеншыған округінде «Жасыл ел» бағдарламасы аясында «Бата беру рәсімі» атты акция өткізіледі. Алматы облысы ішкі саясат басқармасы және Панфилов ауданының әкімдігі жастар күніне «Басты байлық – ұлттық рух, береке, бірлік» атты іс шаралар ұйымдастырды.
Ауданда жалпы 8 мың адам санымен «Жастар дәуірі», «Патриот» клубы, «Қайырымдылық» қамқоршы клубы жұмыс істейді. Жастардың қоғамдық-саясат белсенділігі тұрақты. Аудандың «Нұр Отан» партиясы филиалының жанында 5 топтан, 142 адамнан тұратын «Жас Отан» жастар қанаты жұмыс істейді, олар аудан жастарының арасында акция, байқаулар, спорттық және мәдени-көпшілік іс шаралар өткізеді.
Бұқаралық ақпарат құралдары
Аудан бойынша мемлекеттік ақпараттық тапсырысты аудандық «Жаркент Өнірі» газеті жүзеге асырады. Аудандық басылым «Жетісу Ақпарат»
Одан басқа Панфилов ауданында 2 БАҚ тіркеліп жұмыс істейді. Бір баспа басылымы бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнама аудан төңірегінде, 1 журнал республика көлемінде жарияланады.
Аудан төңірегіндегі БАҚ-тың жылдық орташа тиражы 12100 дананы құрайды. Мемлекеттік БАҚ данасы 6200 дана, тәуелсіз БАҚ -6500 дана.
Қазақстандықтардың әлеуметтік оптимизмін қалыптастыру аясында мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіру қажет.
Гендерлік даму
Ауданда 60746 әйел тұрады, яғни халықтың жалпы санының 49,8%-ды құрайды, оның ішінде ауылда 38574. 2013 жылы 1064 әйел жұмысқа орналастырылды немесе барлық жұмысқа орналасуға ниет білдіргендердің 55,2%-ы. Қайта оқуға 56 әйел жіберілді, олардың 90%-ы, әлеуметтік жұмыспен 611-і немесе 80 пайызы қамтылды.
Ауданда 3 әйел бөлім бастықтары, 7-уі қалалық, ауылдық округтерінде әкім орынбасарлары және бөлім бастықтарының орынбасарлары, аудан мамандары, қалалық және ауылдық округтердегі мамандар – 64 адам, жалпы жұмыс істеушілер санының 37,4%-ын құрайды.
Аудандық мәслихатта 3 әйел-депутат, олар барлық депутаттардың 17 пайызын құрап отыр.
Мемлекеттік гендерлік саясатты жүзеге асыру үшін ауданда әйелдер ісі жөніндегі және жанұя-демографиялық саяси комиссия жұмыс істеуде. Комиссия әйелдердің саяси белсенділігін арттыру үшін жұмыс істейді.
2.2.3. Инфрақұрылымдық кешен
Инфокоммуникация
Телекоммуникация жүйесінде 17 байланыс бөлімі қызмет көрсетеді, 24 сандық АТС жұмыс істейді, олардың 5-і 3400 нөмірге радиорұқсатты, 2-уі 16 нөмірлі станция серігі. Барлық станциялардың жалпы қызмет көрсету көлемі 16671 нөмірді құрайды, оның ішінде 9035 нөмір ауылдық елді мекендерде. Жоғары жүйелі ADSL (Megaline) технологиясы қызметін 2602 абонент пайдалануда. Жаңа байланыс қызмет түрін көрсету мақсатында Жаркент қаласында 1000 нөмірлі жаңа технология кеңдігімен 3 МАД қосылды, оның 1500 нөмірі жұмыс істейді. Жаркент қаласының 1000 метр радиусында тұратын тұрғындарына IDTV қызметі көрсетіледі, бұл қызмет 4 ауылда бар (Үлкеншыған, пенжім, Қорғас, Көктал).
Ауданда пошта байланысын қамтамасыз ететін 30 пошта бөлімшесі бар, оның 4 қалада және 23 ауылдарда, 1 арнайы байланыс.
Пошта қызметінен басқа зейнетақы, жәрдемақы, жалақы төлеу қызметтері, салық төлемдерін, коммуналдық төлемдерді қабылдау қызметтерін және банктік қызметтің көптеген түрлерін жүргізеді.
Заманауи телекоммуникация технологиялары жедел түрде енгізілуде, 1 ауылдық елді мекенде көп пәтерлі және жеке меншік тұрғын үйлердегі тұрғындар үшін сандық телеарналар қызметін көрсетуге мүмкіндік бар.
2006 жылдан бері ауданда электрондық құжат айналымының (Бұдан әрі – ЭҚА) ақпараттандыру жүйесі енгізілген.
ЭҚА жүйесінде ауданның 16 мемлекеттік мекемелері бар. Бұл аудандық әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің жалпы санының 100 пайызын құрайды, яғни ЭҚА жүйесін енгізу толық қамтылып отыр. Алдағы уақытта ЭҚА толыққанды дамыту үшін лауазымдық тұлғаларға және аудан әкімі аппаратының құжаттарды тіркейтін секторға электрондық сандық қол қою алынып, таратылды. Аудан әкімінің аппаратында кіріс және шығыс құжаттарды тіркеу толығымен электрондық сандық қол қоюды қолдану арқылы электронды түрде жүргізіледі.
2013 жылы аудан бойынша электронды құжат айналымының жалпы саны – 4486 құрады. Тіркелген электрондық құжаттар – 4486.
2014 жылдың басынан 1 мамырға дейінгі уақытта жалпы тіркелген электрондық құжат саны – 1831.
«Қазақтелеком» АҚ инфрақұрылымдық базасында мәліметтерді беру үшін Бірыңғай көліктік орта құрылды. Бұл БКО-ға ауданның 16 мемлекеттік мекемелері қосылған, яғни құрылымдық бөлімшелердің байланыс мүмкіндігі 512 кбит/сек каналына қосылуы 100 пайыз қамтыды.
Әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің компьютерлік техникамен қамтылуы 100 пайызды құрайды, 1 сервер іске қосылған.
Ақпараттық жүйенің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында вирусқа қарсы бағдарлама және серверде «Firewall» орнатылған.
Мекемелерде персоналдың және бос орындарға үміткерлердің есебін жүргізуді, қажетті есептерді реттеу, сонымен бірге таратылатын құжаттарды, лауазымдық нұсқауларды, қызметшілердің жеке бас істерін оңтайландыруды автоматтандыру мақсатында «Персоналды басқару» ақпараттандыру жүйесі «Lotes Notes» базасы негізінде ЭКО жүйелі интеграцияланған жалпы платформалы «Қызметкерлерді басқару» информациялық жүйе енгізілді.
Панфилов ауданы әкімдігінің аудан тұрғындарына әлеуметтік-маңызды ақпараттандыру қызметін көрсететін www.panfilov-akimat.kz интернет-порталы жұмыс істейді, ол электронды үкімет сайтына ссылка береді.
Бүгінгі күні порталда 30 ақпараттандыру бөлімдері, 80 бөлімшелер құрылды. 100 ақпарат және 4 интерактивті (жаңалықтар, әкімнің блогы, мемлекеттік сатып алу, тұрғындармен сауалнама жүргізу) қызметі көрсетіледі.
Бүгінгі күні порталда 30-ға жуық ақпараттандыру бөлімдері, оның ішінде 80-дей бөлімшелер құрылды. 100-ге жуық ақпараттандыру және 4 интерактивті қызмет (жаңалықтар, әкімнің блогы, мемлекеттік сатып алу, тұрғындардан сауалнама алу) көрсетіледі.
Тұрғындарды электрондық мемлекеттік қызметті пайдаланумен қамту үшін аудан бойынша әлеуметтік маңызды мекемелерде 5 қоғамдық қол жетімді пункт құрылды.
Құрылыс
Ауданның құрылыс қызметін жүзеге асырып жатқан 3 ұйым бар. 2011-2013 жылдары құрылыс жұмыстарының көлемі газ құбыры, темір жолы және темір жол станцияларының құрылыс салынуына байланысты өсті. 2011 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 36,3 млрд.теңге, 2012 жылы 26,3 млрд.теңге, 2013 жылы 8,0 млрд.теңге құрады.
Құрылыс дамуының негізгі көрсеткіші жеке тұрғын үй салу болып табылады, бұл да біраз өсті. 2012 жылы 71,4 мың шаршы метр тұрғын үй тұрғызылды, оның ішінде 22,6 мың шаршы метр тұрғындар есебінен 48,8 мың шаршы метр үй бюджеттен қаржыландыру есебінен, оның ішінде 34,8 мың шаршы метр «НК» КТЖ» АҚ-ның ведомстволық тұрғын үйі. 2012 жылы барлық қаржы көзінен 8364,4млн.теңге тұрғын үй құрылысына бағытталды, бұл 2011 жылға қарағанда 4,5 есе көп. ( 1851,6 млн.теңге).
«2020 Жұмыспен қамту» бағдарлама аясында 2012 жылы 9,3 шаршы метр тұрғын үй салынды, оның ішінде ауылды жерлерде 2,0 шаршы метр. 2013 жылы тұрғын үй салу құрылысына бюджеттен қаржы бөлінген жоқ. Тек жеке меншік иелері есебінен 34,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Сонымен бірге, жас отбасыларға, бюджет қызметкерлері мен әлеуметтік топтарға қол жетерлік немесе жалға берілетін тұрғын үйлермен қамтамасыз ету мәселесі әлі де сақталуда.
Құрылыстың дамуына кедергі болып тұрған мәселелер:
-
Ауданымыздағы шығарылып жатқан құрылыс материалдарының кейбір түрлерінің пайдалануға сапасы төмен болғандықтан, қолданатын құрылыс материалдарын сырттан әкелуіне байланысты, құрылыстың бағасының қымбаттауына әкеп соғуда;
-
Білікті жұмысшылар, құрылысшы мамандарының жетіспеушілігі;
-
Бір жылда бір адамға шаққанда пайдалануға берілген тұрғын үйдің төмендігі.
Автомобиль жолдары
Аудандағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы 883 шақырымды құрайды, оның ішінде 45,4%-ы республикалық маңызы бар жолдар, 54,6%-ы (193,5 шм) жергілікті маңызы бар жолдар.
Облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың аз бөлігі ғана (11 %) жақсы жағдайда екенін атап өтуге болады. Қалған бөлігінің 49%-ы қанағаттанарлық жағдайда, 40%-ы қанағаттанарлықсыз жағдайда деп бағалауға болады. Жолдар қозғалыс жылдамдығына да, оське түсетін жүк салмағы бойынша да жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайды.
Көлік
Панфилов ауданында негізгі тасымалдау көлемі автомобиль көлігімен тасымалданады. Жолаушы тасымалдаудың барлық көлемі автомобиль транспортымен тасымалданады. Жолаушыларды тасымалдаумен «Үркер» ЖШС-і және «Жар-жолаушы» ЖШС-і айналысады. Жолаушылар тасымалдау 21 тұрақты бағытта іске асырылуда, оның ішінде 3-уі қалаішілік, 11-ауданішілік, 8 қалааралық бағыттар.
2012 жылы 11683 мың адам тасымалданды, бұл 2010 жылғы көрсеткіштен 128,2 %-ға артық, жолаушы айналымы 242,0 млн.жолаушы/шм-ды құрады, 2010 жылмен салыстырғанда 131 %.
Аудан орталығы мен елді мекендердің көліктік байланысы ауданішілік автомобиль бағыттарымен қамтамасыз етілген. Елді мекеннің барлығы автобус бағыттарымен қамтылған. Қазіргі кезде ауданда 1 автобус паркі жұмыс істеуде.
Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңының талаптарын орындау және автомобильмен жолаушы тасымалдаудың бәсекеге қабілеттігін арттыру мақсатында барлық тасымалдаушылар өз автопарктерін жаңалаумен айналысуда.
Жыл сайын жүк айналым көлемі артып, оның негізгі көлемі жекеменшік жүк тасымалдау үлесіне келеді.
2013 жылы жүк тасымалдау көлемі 383,1млн.т/шм, жолаушы тасымалдау көлемі 255,7млн.жол/шм құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 14,9%-ға және 11,1%-ға артты.
Сумен жабдықтау және су тарту
Ауданның коммуналдық су құбыры жүйелері 340,8шм құрайды, елді мекендердің 88%-ы жер асты су көздерін пайдаланады, 11,9 %-ы жер беті су көздерін пайдалануда.
Су құбыры жүйелерінің пайдалану мерзімі 30 жылдан жоғары немесе қызмет көрсету мерзімінен асып кеткен. 70% -ы тозған, 207,8 шм-ы күрделі жөндеуді қажет етеді. Су құбыры жүйелеріндегі нақты шығындар 30%-ы құрайды.
Орталықтандырылған ауыз су құбырымен елді мекендердің 88,1%-ы қамтамасыз етілген, орталықтандырылмаған сумен 11,9%-ы қамтылған. Ауданда жалпы тұрғындар саны 1924 адам 5 елді-мекен (Дарбазақұм, Сарпылдақ, Ақарал, Қызылжиде, Жиделі ауылдары) орталықтандырылмаған суды пайдаланады.
2013 жылы «Ақбұлақ» бағдарламасын іске асыру барысында 6 елді мекеннің су құбырлары 732,8млн.теңгеге ауыз сумен қамту жүйесін қайта жаңғырту және құрылысын салу жұмыстары атқарылды.
Тұрғындарды ауыз сумен қамту мақсатында қабылданған шараларға және біршама қаржы бөлінуіне қарамай проблема әлі күнге дейін сақталуда. Бұл проблеманың өткірлігі күн санап ұлғаюда, себебі негізгі өндірістік қорлардың ескіру процесі оны жаңалау қарқынынан жоғары жүруде. Сумен қамту жүйесінің (бас тоған, сутартқыш, сүзгілеу алқабы, су қысымдық мұнаралары, су қоймалары) техникалық жағдайы ұзақ мерзім бойы пайдаланғандықтан қанағаттанарлықсыз.
25 елді мекенде ауыз сумен қамту жүйесін қайта жаңғырту және құрылысын салу қажет.
2013 жылы Жаркент қаласында су есептегіш құралдарымен 93,8% қамтылды.
Тұтынушылардың топтары бойынша 2012 жылдың аяғына дейін дифференциалды тарифтерді енгізу жоспарлануда.
Кәріз жүйелерінің жалпы ұзындығы 44,7 шм құрайды.
Орталықтандырылған кәріз жүйесі Жаркент қаласында, Көктал, Головацкий, Үлкеншыған, Пенжім, Алтыүй, Кішішыған, Сарыбел, Тұрпан ауылдарында бар. 2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасы аясында Жаркент қаласының кәріз жүйесін қайта жаңғырту және құрылысын салу жұмыстары 194,6 млн.теңге бөлінді. Жаркент қаласының сүзгілеу алқабының және онымен жапсарлас жатқан аумақтардың экологиялық жағдайын жақсатрту үшін заманға сай жоғарғы технологиялық механикалық және биологиялық тазалау ғимараттарының құрылысын салу қажет. Қазіргі кезде Жаркент қаласының кәріз жүйесін қайта жаңғырту және құрылысын салу жұмыстарының екінші кезеңін іске асыру үшін жобалау-сметалық құжаттама дайындалды. Осы жобада өнімділігі тәулігіне 7000м3 биологиялық тазарту ғимаратының құрылысын салу қарастырылуда. 2014 жылға республикалық және жергілікті бюджеттен 1151,8 млн.теңге бөлінді, нысандарда жұмыс басталды.
Ауыз сумен қамту жүйелерінің дамуымен бірге су тарту және адамдардың тіршілік қарекетінің және өндіріс орындарының артуының салдарынан пайда болатын сарқын суларды тазалау мәселесі туындап отыр.
Ауданда дамыған канализация жүйелерінің жоқтығынан пайда болып отырған проблемалар бар, бұл өз кезегінде жер асты суларының, ауыз су көздерінің ластануына, тұрғындардың өмірінің сапасының төмендеуіне әкеліп соғады. Экологиялық жағдайды қалыпты жағдайда ұстау үшін ауданның ірі елді мекендерінде канализация жүйелерін қайта жаңғырту және құрылысын салу қажет.
Сумен қамтамасыз етудегі және су тартудағы өзекті мәселелер:
-
пайдаланушы мекемелердің материалдық-техникалық базаларының нашар жабдықталуы;
-
бірқатар жағдайларда өз пайдалану мерзімінен 1,5-2 есе көп уақыт жұмыс істеп тұрған су құбыры және канализация жүйелерінің, ғимараттардың тозуы, едәуір судың шығыны (20%) электр энергиясына шығындарды көбейтіп, судың 1 м3-ың бағасының қымбаттауына әкеліп соғуы;
-
ауыз су көлемінің есептегіш құралдармен толықтай қамтылмауы;
-
арнайы су пайдалануға техникалық құжаттарды рәсімдеу механизмінің күрделілігі;
-
кәріз жүйелері дамымаған.
Жылумен қамту, газбен қамту
Ауданда орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету жүйесі жоқ. Жеке меншік сектор жылуы дербес және көбінесе пеш жағып жылытады, мемлекеттік мекемелерде, мектептерде сұйық отындық қазандық орнатылған, шағын кәсіпкерлер, кәсіпорындар және ұйымдарда дербес жылыту орнатылған.
Болашақта Жаркент қаласының барлық көпқабатты тұрғын үйлерін жылумен қамту және қыс мезгілінде электр энергиясының тапшылығын жою үшін Жылу Энергетикалық Орталық салу қажет.
Ауданның тұрғындары баллондағы сұйытылған газды пайдаланады. Баллондағы сұйытылған газды жеткізумен «Корпорация Жетісугаз» АҚ «Жаркентгазсервис» филиалы, ЖК «Абилов», ЖК «ПТ Бабибаева и К», ЖК «Суфьянов» айналысады.
Қазіргі кезде газ құбырымен Панфилов ауданының елді мекендерін Халықаралық газдандыруға қосуға, газдандырудың техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалуда.
Ауданды газдандыру жалпы аудан экономикасына оң ықпалын тигізетіні сөзсіз, аудандағы экологиялық жағдайды жақсартып, тұрғындардың әлеуметтік деңгейін көтереді. Аудан тұрғындарының отын сатып алуға кететін шығындары азаяды, әлеуметтік сала нысандарын табиғи газбен қатамасыз етуге көшіру бюджет шығындарын да азайтатын болады.
2.2.4. Ауылдық аймақтардың дамуы, экология
Әкімшілік-аймақтық бөліну 42 елді мекендерден құралған, оның ішінде 1 қала және 41 ауылдық елді мекен бар.
Орташа тығыздық 1 шаршы шақырымға – 11,3 адам, тұрғындардың 65,0%-ы ауылдық жерлерде тұрады. Өндірістік қуаттардың қалыптасқан орналасуымен және көлік жүйесіне байланысты тұрғындар бірқалыпты тегіс орналаспаған.
Жаркент қаласы 42,6 мың адам тұрғынымен даму әлеуеті орта шағын қала тізбесіне кіреді.
Пенжім ауылдық округінде орналасқан Қорғас ауылы Алматы облысының ауылдық елді мекендерінің АЕМ тірек пунктінің тізбесіне қосылды. Бұл ауылдың қасында «Қоргас» ШЫХО АҚ орналасып, ҚР мен ҚХР шекара сауда экономикасын, ғылыми-техникалық, мәдениет ынтымақтақтастық жобаларын іске асыруға байланысты болып отыр. Бүгінгі таңда ауылдың ауыл тұрғындары 796 адам құрайды, аудан орталығынан қашықтығы 40 шм.
2011 жылмен салыстырғанда даму әлеуеті жоғарғы елді мекен саны 8-ге қысқарды, 22 -ден 14-ке дейін, даму әлеуетті орта АЕМ 18-ден 25-ке дейін өсті, даму әлеуеті төмен елді мекен саны 1-өсіп, 2 елді мекен болды.
5 (12,2%) ауылдық елді мекен орталықтандырылмаған суды пайдаланады.
10 АЕМ –де су құбыры жүйесі тұрғын үй коммуналдық бөлімінің балансында тұр, қалған 31-де баланста ұстайтындар жоқ.
Аудан орталығына дейінгі 34% жолдары қанағаттанарлықсыз жағдайда, ауыл ішіндегі жолдардың 70,4 шм жөндеуді қажет етеді.
Екі АЕМ-де мектеп жоқ.
Мектепке дейінгі балалар мекемелері 10 (24,4%) ауылда ашылмаған, оның ішінде 8 мектепке дейінгі мекеме ашу қажет.
2 дәрігерлік мекеме нормативке сәйкес келмейді.
Даму әлуеті жоғары ауылдардың санын көбейту үшін елді мекендерге инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, тұрғындардың кәсіпкерлік белсенділігін дамыту.
2012 жылы жергілікті қорғандарды қаржыландыру мақсатында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 10 млн.теңгеге 4 ауылдық елді мекендерінде рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жою жұмыстарына бөлінді, 2013 жылы көше жолдарын және сумен қамтамасыз ету жүйелерін ағымдағы жөндеуге, спорт алаңдарын жайластыруға 60,1 млн.теңге бөлінді.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2011-2013 жылдар аралығында 82 маманға, оның ішінде білім -55, денсаулық-14, әлеуметтік саласына-1, ветеринария -12 маманға бір жолғы көтерме жәрдемақы төленді. Тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит 33 маманға берілді.
Ауылды жерлерде білім мамандарына қажеттілік жоқ, денсаулықта 7 дәрігер жетіспейді.
Жаркент қаласы кіші қалаларды дамыту бағдарламасы аясында көркейеді.
Барлық ауылды елді мекенді жерлерде кешенді даму бағдарламалары жасалады. Ауылдық округтердің орталықтары, жоғары және орта ауылдық елді мекендерді дамыту бойынша іс шаралар жасалды, осы іс шараларға байланысты дамиды.
Өзекті мәселелер:
-ауылдарда орталықтандырылмаған судың барлығы;
-жолдар қанағаттанарлықсыз жағдайда;
-ауылдық елді мекендерде әлеуметтік инфрақұрылым нормативке сәйкес емес;
- дәрігерлердің жетіспеушілігі, оның ішінде жалпы дәрігерлік тәжірибеде.
Аймақтың экологиялық мәселелері.
Жыл сайын ластауыш заттардың атмосфераға шығарылуы көбейді. Ауданда 7 қәсіпорын және 72 атмосфераны ластауыш көздері бар. 2013 жылы ластауыш заттардың көлемі 702,2 тонна, 2011 жылы 403,4 тоннаны құрады, өткен жылмен салыстырғанда 33,5% көп, оның барлығы тазаланбай тасталған қалдық. Қатты тұрмыстық қалдықтар экологиялық нормаға сәйкес емес әртүрлі жинақтау орындарда жиналып сақталады, сол себептен топырақ, су асты және су үсті ластанады.
Жыл сайын 80 мың қалдықтар қоқыс орындарында сақталады. Қаттытұрмыстық қалдықтар көбейіп, ауыл шаруашылық жерлер көлемін алып жатыр. Жаркент қаласының солтүстік-батыс жағынан 2011 жылдан бастап қатты тұрмыстық қалдықтарды жою полигоны құрылысын салу басталып, 2013 жылдың қазан айында қолданысқа берілу жоспарланған. Нысанның жалпы құны 102,2 млн.теңге, полигонның өндіріс аймағы 8 га жерді, сиымдылығы 882 мың куб.метрді құрайды, жұмыс істеу мерзімі 30 жыл.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 2012 жылы 4 үлкен ауылдық елді мекенде рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жою жұмыстарына 10 млн.теңге бөлінді. Бірақ, бұл жеткілікті емес, сол себептен ауылдық елді мекендерде ҚТҚ жинайтын полигонның құрылысын салу қажет.
Экологиялық жүйені сақтау және ормандарды қалпына келтіру мақсатында ауданда жыл сайын орман егу шаралары жүргізіледі. 2011-2013 жылдары 206 га жерге (2011ж-120га, 2012ж-64га, 2013ж-22га)-сексеуіл отырғызылды. Алдағы 2014-2015 жылдары әр жыл сайын 22 га-дан егу жоспарланды.
Экологиялық негізгі мәселелер:
-
ағынды суды және ауаны ластайтын заттектерден тазалағыш көздердің жоқтығы;
-
ирригациялық-суару жүйелерінің қанағаттанарлықсыз жағдайы және су ресурстарының тиімсіз пайдалануы;
-
арнайы ҚТҚ арналған полигонның жоқтығынан, қатты-тұрмыстық қалдықтарын пайдаға асыру мәселесі.
2.2.5. Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесі
Мемлекеттік қызметтер
Ауданның жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйегіндегі №983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтердің Реестріне сәйкес көрсетеді.
Қызмет көрсету аудандық бөлімдердің, Жаркент қаласы және ауылдық округтері әкімдері аппараттарының деңгейінде көрсетіледі.
Бекітілген Реестрге сәйкес, жергілікті атқарушы органдарымен 56 қызмет көрсетіледі:
-
1 қызмет ауылдық округ әкімдері аппараттарының деңгейінде
-
55 қызмет аудандық бөлімдердің деңгейінде
-
Оның ішінде 14 қызмет ХҚО арқылы көрсетіледі.
Бекітілген стандарттарға сәйкес 2013 жылы облыста атқарушы органдардың 56 мемлекеттік қызмет регламенті жасалып, бекітілді.
Панфилов ауданы әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына бақылау жүргізу Ережесіне сәйкес ай сайын жергілікті атқарушы органдардың көрсеткен мемлекеттік қызметінің сапасына ішкі бақылау мониторингі жүргізіліп отырады.
2013 жылы барлығы 90486 қызмет көрсетілді:
- атқарушы органдар арқылы - 89069
- халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы – 1417
2013 жылы алынған мәліметтердің сараптамасы көрсетілген қызметтердің ең көбі төмендегідей:
-
«Малға ветеринарлық төлқұжат беру»
-
« Малға ветеринарлық анықтама беру»
Аудан әкімдігі көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бекітілген уақытынан асырмауға бағытталған шараларды тұрақты жүргізді. 2013 жылы уақытында орындамау фактілері тіркелген жоқ.
Кемшілік жіберген тұлғаларға тәртіптік шара қолданылады. Көрсетілген мемлекеттік қызметтерге сараптама жүргізілген кезеңге шағым болған жоқ.
Мемлекеттік қызметтің 56 түріне ақысыз қызмет көрсетіледі, ақылы түрде қызмет көрсету түрі жоқ.
Өзекті мәселелер:
- аудандық деңгейде мемлекеттік қызмет көрсету саласын координацияландырумен айналысатын құрылымдық бөлімшелер жоқ, сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары бөлімдерінде мамандар жеткіліксіз, яғни қосымша штат қажет;
- әртүрлі ақпараттандыру жүйесінің орын алуы (бір маманға бір уақытта бірнеше ақпараттандыру жүйесіне ақпаратты енгізуге тура келеді);
- ауылда тұратын тұрғындарға электрондық үкіметтің порталы арқылы қызмет алу үшін интернет-ресурстарының қол жетімсіздігі.
ИКТ дамытуда өзекті мәселелер:
-
тұрғындардың әртүрлі әлеуметтік топтарының ИКТ қолданудағы тең емес мүмкіндіктері «е-үкімет» жүзеге асырудағы кедергінің бірі болып табылады.
-
мәліметтерді беруде көліктік ортаның дамуының төмендігі.
-
мемлекеттік электронды қызметті беруге бағытталған хабарлама жүйесінің дамуының төмендігі.
Жергілікті өзін-өзі басқару.
2013 жылы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың Концепциясына байланысты ауылдық әкімдердің сайлауы өтті. Қосымша 29 штаттық бірлік бөлінді, оның сыртында әрбір округке дене шынықтыру және спорт, жастармен жұмыс жөніндегі инструктор бөлінді. Ауылдық округ әкімі аппараттарының ережесі және жергілікті қауымдастықтың Ережесі бекітілді. Жаркент қаласы мен ауылдық округтердің әкімдері бюджеттік бағадарлама әкімшілері болып саналады, өздерінің есеп шоты және бақылау шоты бар. Концепцияға сәйкес оларға аппаратты ұстау, аппараттың МТБ, абаттандыру, елді мекендерді санитарлық тазалау, жарықтандыру шығындары берілді. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасына сәйкес жолдарды ағымдағы жөндеу берілді.
Қоғамдық қауіпсіздік және құқық қорғау.
2013 жылы аудан аумағында - 796 (2011ж - 415) жалпы қылмыс тіркелген, оның ішінде ауыр қылмыс - 67 (2011ж - 39), өте ауыр қылмыс – 6 (2011ж - 13).
Жалпы ашылған қылмыс 50,8% ( 2011ж -84,5%) құрады. Қоғамдық жерлерде 185 (2011ж - 116) қылмыс тіркелді, оның ішінде көшелерде 135 (2011 ж - 70).
Тіркелген жол-көлік оқиғасы – 54 (2011ж - 60), онда 7 (2011ж - 9) адам қайтыс болды және 91 (2011ж-93) адам жарақаттанды.
Соңғы үш жылда (2011-2013жж) жылына 89 төтенше жағдайлар тіркелді, оларда 16 адам зардап шегіп, 3 адам өлімі тіркелді, 356 млн.теңге көлемінде материалдық зиян келтірілген.
2011 жылы төтенше жағдайлардан келтірілетін экономикалық шығын 72,0 млн.теңгеге жетті.
Аудан халқына, нысандарға және аумағына тәуекел туғызатын негізгі факторлар маусымдық сел және су басулар жағдайы.
Ауданда сел жүруі мүмкін 19 телім анықталған, олардың 7-і өзендер болып табылады, 4 су өткізетін платиналар мен құрылғылар бар.
2011-2013 жылдары ауданның 7 ауылдық округінде су тасқынымен 352,0 млн.теңге материалдық шығын келтіріліп, 128 азамат зардап шекті. 76 тұрғын үйге зақым келіп, 6 үй толық құлаған. 27 шақырымға жуық селге қарсы тоқтату дамбыларын салу, 32 шақырым жөндеп күшейту, 21 шақырымның түбін қаздырып және кеңейту қажет.
2013 жылы ауданда кірпіш зауыты аумағында 0,9 шақырымға жағалауды нығайту және бұрынғы шарап зауыты аумағында қолданыстағы дамбыны жөндеу жұмысы жүргізілді, ұзындығы 0,9 шақырым Алтыүй аумағында Нәдек өзенінде тереңдетіп қазу және Лесновка ауылында Өсек өзенінің 1,1 және 1,2 шақырым кеңейту мен тіктеу жүргізілді. Атқарылған жұмыстардың жалпы көлемі 69,2млн.теңге құрады. Арнайы комиссиямен селге қауіпті учаскелер, гидротехникалық құралдар, платиналар мен дамбылар тексерілді. 2014 жылға Қоңырөлең ауылында селден қорғау үшін дамба мен айналма каналдарды жөндеуге жоба-сметалық құжат дайындалды, жоба құны 99,9 млн.теңге.
2010-2012 жылдары 187 тұрмыстық, өндірістік және табиғи өрттер тіркелген. Олардан 11838 мың теңге материалдық зиян келтіріліп, 16 адам зақым алып, 3 адам қайтыс болған. 2013 жылы 84 өрт тіркелді, материалдық зиян 3,8 млн.теңге, 1 адам қайтыс болған, 6 адам әртрүлі дене жарақатын алды.
Ауданда 39 елді мекенде 72 мыңға жуық адам өрт сөндіру қызметінсіз қалып отыр, ал ең жақын өрт бөліміне 20-70 шм қашықтықта. Ауданның елді мекендерін өрт сөндіру қызметімен қамтамасыз ету үшін кемінде 5 өрт сөндіру депосын салу қажет. Бүгінгі күні Қорғас ауылында бір өрт сөндіру депо құрылысы аяқталып, ТЖД балансына беру мәселесі шешілуде, Қоңырөлең ауылына (аудан орталығынан 70 шм қашықтық ) 1 өрт сөндіру автокөлігі бөлінді.
Ауданда 1020 өрт сөндіру гидранттары және 8 табиғи су көздері бар, оның ішінде 70 гидрант және 3 су беру көздері жұмыс істемейді.
Өртке қарсы шараларды күшейту мақсатында, талаптарға сәйкес жабдықталған нысандарда өртке қарсы щиттердің ескілерін қалпына келтіріп, жаңаларын орнату қажет. Нысандардың 20 пайызға жуығында өртке қарсы дабыл қаққыштар жоқ, қалғандары жұмысқа пайдалануға болатын жағдайда. Осы кемшіліктерді жою шараларын жүргізу қажет.
Ауданда сел жүру қауіпі өте жоғары. Аудан аумағында сел жүретін 7 бассейн бар, сел жүру аймақтарында 57 мыңға жуық халық тұратын 19 елді мекен орналасқан, сондықтан осы елді мекендерге локальдық хабарландыру жүйесін орнату керек.
Жоңғар Алатау аймағы сел апаты бойынша толық зерттеліп бітпеген, соңғы жылдары кейбір өзен бассейндері сел жүру қаупіне айналған. Өсек, Тышқан, Қорғас, Бурхан және Барахудзир өзендері бойынша сел жүру қауіпі өте жоғары.
"Коктал-Арасан" балалар санаториясының аумағы көшкіндік қаупі бар аймақ болып саналады, көшкін жүретін аумаққа санаторий және үш тұрғын үй кіріп отыр. Көшкін жүрудің негізгі себебі ауа-райы және қар мен жаңбырлар. Көшкіннің жүруі салдарынан автомобиль жолдары бұзылып және Барахудзир өзенінің арнасының жабылу қаупі бар. Сондықтан бұл аумақта қөшкінге қарсы құрылғыларды салу қажет. Сонымен қатар, жер телімдерін бөліп беру кезінде құрылыс жүргізудің бас жоспарын басшылыққа алу қажет, көшкін қауіпі бар аймақтарды жер теліміне бермеу керек.
Жер сілкіну – зардап шеккен адамдар саны, келтіретін мариалдық шығыны, төтенше жағдай аумағы және одан қорғанудың қиындығы бойынша ең қатерлі төтенше жағдай болып саналады.
Сейсмоқауіпті ауданда аумақтың маңызды бөлігі болып табылады, мұнда 42 мыңнан астам адам тұрады. 2011 - 2013 жылдар аралығында ауданның аумағында 10 жер сілкінісі (3-4 баллдан астам) тіркелді. Жер сілкіну, сел жүру және т.б. апатты жағдай орын алғанда тұрғындарға хабар таратудың локальды жүйесі болу керек.
2.3. Негізгі проблемалардың кешенді мазмұны, тәуекелдер, кедергі келтіретін факторлар, бәсекелестік басымдықтары және ортамерзімде аумақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді мазмұны, өзекті мәселелер, тәуекелдер, кедергі келтіретін факторлар, бәсекелестік басымдықтары және мүмкіндіктері SWOT-талдауда көрсетілген.
SWOT – талдау
Артықшылығы
|
Кемшіліктері
|
А приоритеті
-
Халық санының көп болуы.
-
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін ірі ауыл шаруашылығы базасының болуы.
-
Құрылыс индустриясын дамытуға қажетті қатты пайдалы қазбалардың қорының болуы.
-
Тұрғындардың азық-түлікпен өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейінің жоғары болуы.
-
Ауданның Ұлы Жібек Жолының бойында орналасуы, ауа райының жайлы және суармалы жерлердің болуы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің тұрақты дамуын қамтамсыз етеді.
В приоритеті
-
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіруде стратегиялық арнайыландыру, малдарды бордақылау мүмкіндігі;
-
Аудан аумағы арқылы өтетін Еуропа-Қытай халықаралық дәліздің өтуіне байланысты маңызды транзиттік әлеуеттің болуы.
С приоритеті
-
Су және жел энергетикасын дамытуға табиғи көздердің болуы.
-
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының ашылуы, темір және «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автомобиль жолдарының өтуі.
D приоритеті
1. Келешекте экономикалық дамуға қажетті шикізат көздерімен қамтамасыз ету.
2. Көз тартарлық орындардың және бірден-бір табиғи ескерткіштердің болуы туристік қызығушылықты туғызады.
3. Тұрғындардың мәдениетке деген құштарлығының өсуі.
Е приоритеті
- тілдерді меңгеруге деген халықтың ынтасының артуы;
- көрнекілік ақпарат құралдарын дайындау мүмкіндігі.
С приоритеті
1. Бала бақшаларды қалпына келтіру және мектепке дейінгі шағын орталықтардың жұмыс істеуі.
2. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткішінің өсуі.
3. Мектептерді материалды-техникалық қамтудың тұрақты өсуі, компьютерлермен, жаңа үлгідегі кабинеттермен және жоғары жылдамдықтағы Интернетпен қамту.
4. Техникалық және кәсіби білім беру объектілерінің болуы, кәсіби лицейлер мен колледждер түлектерінің жұмыспен қамтудың өсуі.
5. Күрделі жөндеу жүргізілген білім беру ғимараттарының артуы.
6. Жастар саясатын іске асыруда үнемі іс шаралар жүргізу.
7. Білім беру мекемелерінің материалды-техникалық базасын жақсарту.
8. Дене тәрбиесі және спортпен айналысатындардың санының өсуі.
9. Спорт нысандарының көбеюі.
10. Ландшафтың әр алуандығы, бірден-бір табиғи, мәдени және тарихи ескерткіштердің, ұлттық бабиғи саябақтардың, қорықтардың болуы.
11. Отандық және шет елдік инвесторлардың қызығушылығы.
|
А приоритеті
-
Отын-энергетикалық қуаттардың жоқтығы.
-
Туристік инфрақұрылымның баяу дамуы.
-
Ауылдық елді мекендерде жұмыссыздық деңгейінің жоғары болуы.
-
Ішкі тұтыну нарығы көлемінің аз болуы және өнімдерді аудан сыртына тасу логистикасының өз деңгейінде дамымауы.
-
Ауданның облыс орталығынан және ірі қалалардан алыста орналасуы.
В приоритеті
-
Автомобиль транзиттік жолдардың көп бөлігінің инфрақұрылымының техникалық стандартқа сай келмеуі.
-
Өндіріс саласының және шағын бизнес саласында жұмыс бастылықтың дамымауы, әсіресе сауда және қызмет көрсету салаларында.
С приоритеті
-
Электр қуатына тапшылық және электр қуаты бағасының жоғары болуы.
-
Ауылдық елді мекендерде әлеуметтік инфрақұрлымның толық дамымауы.
D приоритеті
1. Әлеуметтік инфрақұрлымның жетік дамымауы және әлеуметтік салаға инвестицияның төмен болуы.
2. Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасын танып білу және кеңінен таралуы дережесінің төмен болуы.
Е приоритеті
1. Тілдер саясатының төменгі дәрежеде дамуының себебі, нормативті-құқықтық базасының толық жетілмегендігі, мекемелердің материалды-техникалық базасының даму деңгейінің төмендігі, арнайы тіл мамандарының жетіспеушілігі.
С приоритеті
1. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткішінің төмендігі, 52,0% балалар қамтылмай отыр.
2. Жоғары дәрежелі мамандардың жетіспеуі.
3. Техникалық және кәсіби білім беру ғимараттарының ескіруі, апатты жағдайдағы мектептердің және класстардың жетіспеушілігінің болуы.
4. Техникалық мамандықтар бойынша кадрлар дайындалмауда.
5. Балалар құқығын қорғайтын кәсіби мамандардың жетіспеушілігі.
6. Жастар саясатын жүзеге асыруда ифрақұрылымның жетілмеуі: жастардың барлық топтарының қамтылмауы, қол жеткізілген нәтижелерді тиімді бағалау жүйесінің жоқтығы.
8. Дене тәрбиесі мамандарының жетіспеуі.
9. Метериалды-техникалық базаның және спорт құралдарымен қамтылудың аздығы.
10.Дамыған туризм инфрақұры-лымының жоқтығы, оның ішінде туристік нысандарға жету жолдарының жағдайының нашарлығы.
11. Басқару мен қызмет көрсетуде кәсіби мамандардың жетіспеушілігі.
12. Ауданның туристік мүмкіндіктері жөнінде жарнамалардың аздығы.
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіптілік
|
А приоритеті
-
Табиғи-шикізаттық көздердің болуы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жүйесін, құрылыс индустриясын, туристік кластерді дамытуға мүмкіндік береді.
-
Үдемелі индустриализация шеңберінде мемлекеттік көмек алу арқылы өңдеу өнеркәсіп саласында өндірістерді құру.
В приоритеті
-
«Қорғас» ШМЫХО-ның дамуы арқылы халық санының артуына және жоғары кәсіби мамандарды тартуға жағдай жасау.
-
Жаңа өндіріс орындарын іске қосу арқылы жұмыспен қамтуды арттыру.
-
Транзиттік жүк тасу мен жолаушылар тасу арқасында аумақ табысын арттыру.
-
Келешекте ауыл шаруашылығы өндірістерін дамыту, оның ішінде аудан аумағында инновациялық әдістерді дамыту арқылы ауыл шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын, мал азығын өндіруді арттыру.
С приоритеті
-
Ауыл шаруашылығының инфрақұрлымын дамыту (сауда-дайындау, қайта өңдеу, көліктік, қаржылық).
-
Әлеуметтік инфрақұрлым объектілерін дамытуға мемлекеттік және жеке инвестицияларды тарту, экологиялық жағдайды жақсарту - әлеуметтік әріптестік.
D приоритеті
1. Алдағы уақытта мәдениеттің насихаты мен дамуының нақты мүмкіндіктері.
2. Тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру, қорғау және тиімді пайдалану.
Е приоритеті
1. Тіл саясатын және мемлекеттік тілді насихаттауды дамыту.
2. Тіл саясатын жан-жақты жүргізу.
3.Бюджеттік және жеке қаржыландыруды ұлғайтуды ынталандыру, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды 100 %-ға жеткізу және мектепке дейінгі баларды тәрбиелейтін мекемелердің материалды -техникалық базасын жақсарту мақсатында жеке меншіктегі бала бақшаларды сатып алу.
4. Орта білім беру мекемелерінің материалды-техникалық базасын күшейтуге кететін шығындарды бюджеттік қаржыландыруды көбейту және жеке сектордың қаржыларын жұмсауға ынталандыру.
5.мемлекеттік - жеке сектордың серіктестігін дамыту, студенттердің тәжірибе өтуі үшін оқу орындары мен мекемелер арасында келісім жасасу.
6. Балалар үйінен тәрбиелеуге бала асырап алатындарға экономикалық көмек көрсету механизмін енгізу.
7. Бәсекеге қабілетті туризм инфрақұрылымын құру мүмкіндігі.
8. Халықты жұмыспен қамтуды ұйымдастыру.
9. Ішкі және сыртқы туризмді дамыту.
|
А приоритеті
-
Техногендік факторлардың әсерінен табиғи қорлардың және жерлердің нашарлауынан экологиялық жағдайдың бұзылуы.
-
Азық-түлік қауіпсіздігінің тауарлардың сырттан алып келінуінен биік тәуелділік.
-
В приоритеті
-
Инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының қанағаттанарлықсыз болуы әсерінен өмір сүру дейгейінің нашарлауы.
-
Жоғары кәсіби мамандардың жетіспеушілігі.
-
Әлеуметтік көмек алатындар санының өсуі.
С приоритеті
-
Электр қуатының жетіспеушілігі және өнеркәсіптің даму қарқынының бәсеңдеуі.
D приоритеті
1. Қорғау шараларын дұрыс қолданбау әсерінен бар нысандар мен қорлардың жоғалып кету мүмкіндігі.
2. Басым жақтарды тиімді пайдаланбау.
Е приоритеті
-
Мектепке дейінгі тәрбиелейтін мекемелерді қаржыландырудың аздығы, мектепке дейінгі балаларды қамту көрсеткішінің және мектепке дейін тәрбиелейтін мекемелердің материалды-техникалық базасының төмендігін көрсетеді. Сәйкесінше, ол балалардың орта мектепке дұрыс дайындалуын және әлеуметтік-психологиялық дайын болуын төмендетеді.
-
Халықтың жастар өткізетін іс-шараларды дұрыс қабылдамауы.
-
Туризмді дамытуға қаржының тапшылығы, жеке меншік және инвесторлардың қаржыларының тапшылығы.
4. Туристік бизнес деңгейінің төмен болуы, туристік қызмет бағаларының көрсетілген қызмет түрлері мен сапаларының сәйкес келмеуі.
|
2.4. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын реттейтін қолданыстағы мемлекеттік саясатты талдау
Ауданда қолданыстағы Панфилов ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму Бағдарламасы бар, ол 2015 жылы аяқталады.
3. ӨҢІРДІ ДАМЫТУДЫҢ ПАЙЫМЫ
Панфилов ауданы қайта өңдеу өнеркәсібінің қарқынды дамушы ірі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші болады, халықаралық сауда орталығына, көлік-логистикалық қызмет пен туризмнің, дамыған инфрақұрылым мен өмір деңгейінің тұрақты дамушы аумағына айналады.
Пайымды жүзеге асыру бағытталған:
- ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді тұрақты дамыту мен бәсекеге қабілетті болуы, ауданның азық-түлікке деген қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай жасау;
- ауданның транзиттік мүмкіндігін пайдалану арқылы көлік-логистикалық қызметті дамыту;
- шекара маңы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жақсарту;
- туристердің келу көлемін арттыру, халықаралық стандарттарға сай санаторлы-курорттық беделді қалыптастыру;
- мәдениет саласында сапалы қызмет көрсету, дене тәрбиесі және спортты бұқаралық дамыту;
- қоғамдық-саяси қарым-қатынастар бойынша ішкі саяси тұрақтылық пен мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар арасында келісілген жұмыс жүргізу;
- қоғамдық келісу мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік саясатты іске асыру, азаматтық отаншылдықты қалыптастыру және халықтың тұрақты дамуын ұйымдастыру;
- келешекте тұрғын үй құрылысын дамыту және халықтың тұрмысын жақсарту, тұрғын үйлердің қол жетімді болуын жеке түрғын үй құрылысымен инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды дайындау арқылы және мүмкіндігінше жалға берілетін үйлерді салу арқылы орындалады;
- басты мақсатты іске асыру барысында ең жоғарғы нәтиже ретінде экономиканың сапалы, тұрақты дамуы, тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндірушілердің бәсекеге қабілетті болуы, аудан халқының жағдайының артуы болып табылады.
Негізгі индикаторлар:
1.Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем көрсеткіші 2015 жылы -108,0% құрайды;
2. Өңдеу өнеркәсібінде шығарылатын нақты көлем көрсеткіші 2015 жылы -108,5% құрайды;
3. Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің нақты көлем индексі 2015 жылы -103,5% құрайды;
4. Бөлшек тауар айналымының нақты көлем көрсеткіші 2015 жылы 120,1% құрайды;
5. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің көрсеткіші 2015 жылы 105% құрайды;
6. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамту 2015 жылы 62,5% құрайды;
7. Жаратылыстану-математика пәндері бойынша оқу бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) игерген оқушылардың үлесі, 47,0% құрайды;
8. Техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған үлгілі жастағы (14-24 жас) жастардың үлесі 2015 жылы – 11,5% құрайды;
9. Халықтың болжамды өмір сүру ұзақтығы 2015 жылы – 71,5 жас;
10. Жұмыссыздық деңгейі 2015 жылы – 4,2% болады;
11. Мемлекеттік тілді меңгерген халық үлесі 2015 жылы 87% құрайды;
12. Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын, барлық жастағы халықтың қамтылуы 2015 жылы – 26,5% құрайды;
13. Туристік-экскурсиялық қызмет көлемі 2015 жылы 227,0 млн. теңге;
14. Жол-көлік оқиғалардың (бір автокөлікке 10 мың адам) деңгейін төмендету 2015 жылы 10,7% құрайды.
15. Құрылыс жұмыстарының көлемі 2015 жылы 100,4% кұрайды;
16. 2015 жылы жағдайы жақсы және қанағаттанарлық жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 70,0% кұрайды;
17. 2015 жылы күрделі жөндеуден өтетін кондоминиум нысандарының үлесінің азаюы 33,8% құрайды.
18. Тұрғындардың орталықтандыру сумен пайдалану деңгейі 2015 жылы 90,5% көбейеді;
19. Тұрғындарды су пайдалану қызметпен қамтамасыз ету деңгейін көтеру 2015 жылы 14,3% құрайды.
20. Даму әлеуеті жоғары ауылдық елді-мекендердің саны 2015 жылы 14 бірлікке жетеді;
21. Атмосфераға зарарлы заттектерді шығарудың жалпы көлемі 2015 жылы 660,7 тонна құрайды.
22. Халықтың әлеуметтiк- маңызды қызметтер сапасына қанағаттану деңгейi 2015 жылы 100% құрайды.
4. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР; МАҚСАТТАР, МІНДЕТТЕР НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАР ЖӘНЕ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТКІШТЕРІ
1-БАҒЫТ. «Қорғас» сауда-логистикалық орталығының орналасуына байланысты аумақтық экономикасының дамуы
1-Мақсат. Жоғары технологиялық, экспортқа бағытталған өндірістерді құрумен үдемелі индустриалды-инновациялық даму арқылы өнеркәсіпте құрылымдық өрлеу.
№
|
Нысаналы индикаторлар
тікелей нәтиже көрсеткіштері
|
1 кезең
|
2 кезең
|
2011 ж.
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
2014 ж.
|
2015 ж.
|
Өнеркәсіп
|
1
|
Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем көрсеткіші, %-бен
|
133,8
|
100,2
|
96,3
|
104,8
|
108,0
|
2
|
Қайта өндеу өнеркәсіп өндірісінің көлемі, %-бен
|
133,3
|
100,9
|
97,4
|
107,0
|
108,5
|
1-міндет. Өнеркәсіпті, оның ішінде өңдеу өнеркәсібін дамыту
|
1
|
Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің жалпы көлемінде өнеркәсіп өндірісі, %-бен
|
77,3
|
78,9
|
78,0
|
80,1
|
80,3
|
Қол жеткізудің жолы:
-
-кезең
1.2013 жылдың екінші жарты жылдығында «Жаркент крахмал-сірне зауыты» ЖШС-нің жаңа зауыты іске қосылды, оның жылдық қуаттылығы 50,0 мың тонна крахмал сүті және крахмал. «Жаркент крахмал-сірне зауыты» ЖШС-ің инновациялық өнім шығару және өндірісті кеңейту жобасы 2014 жылдың екінші жарты жылдығында іске асады.
-
Аудан кәсіпорындарында менеджмент және сапа халықаралық жүйесін ендіру бойынша шаралар жүргізу;
2 -кезең
-
Экспортқа бағдарланған, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп кәсіпорындарын «Қорғас-Шығыс Қақпа» ШСЭА-ның өнеркәсіп аймағына орналастыру;
-
Минералды және шикізат ресурстарын барынша пайдалануды қамтамасыз ету үшін жаңа өндірістерді құру және жұмыс жасап тұрғандарын жаңарту;
-
«2020 бизнес жол картасы», «Өндіріс – 2020», «Эскпорт – 2020» бағдарламаларына қатысуға ықпал ету;
-
Аудан кәсіпорындарында сапа менеджментінің жүйесін енгізу бойынша шараларды жүзеге асыру;
-
Импортты алмастыратын өнім өндіруге бағытталған жаңа өндірістерді құру және әрекет етушілерін кеңейту.
2-мақсат. Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
№
|
Нысаналы индикаторлар/ тікелей нәтиже көрсеткіштері
|
1 кезең
|
2 кезең
|
2011ж
|
2012ж
|
2013ж
|
2014ж
|
2015ж
|
1.
|
Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің нақты көлем көрсеткіші, % -бен
|
103,2
|
102,2
|
102,1
|
103,0
|
103,5
|
|
1- Міндет. Ауыл шаруашылық өндірістік кешенінде өнімдер өндіруді және экспортқа шығаруды өсіруді қамтамасыз ету
|
1.
|
Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірудің нақты көлем көрсеткіші, %-бен
|
108,1
|
103,9
|
104,0
|
104,5
|
104,9
|
2.
|
Мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің нақты көлем көрсеткіші, %-бен
|
100,2
|
100,9
|
101,4
|
101,6
|
102,0
|
3.
|
Өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің өсімі, арту көлемі,%
|
104,4
|
225,8
|
100,3
|
103,0
|
103,0
|
4.
|
«ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасы аясында Ірі қара мал басының экспорттық әлеуетін дамыту,тонна
|
-
|
-
|
-
|
-
|
180
|
Достарыңызбен бөлісу: |