БЕКІТЕМІН:
«Набережный ЖББМ» КММ
басшысының м.а Н.К.Жусупова
_____________________
«__» _________ 2023 ж.
Ата-аналардың мектепке келуі туралы ережесі
Осы Ереженің мақсаты оқу процесін қалыпқа келтіру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды орындау болып табылады.
Жалпы ережелер
1.1. Ата-аналар мен басқа да адамдардың мектепке кіруіне мектеп әкімшілігімен немесе педагогтарымен алдын ала уағдаластық бойынша рұқсат етіледі (баланың ата-анасының киім ауыстыруына көмектесу мақсатында мектепке таңертеңгі алып баруын санамағанда).
1.2. Мектеп қызметкерлерінің біреуімен кездесу үшін: кездесу уақыты мен орны туралы алдын ала келісу (телефон арқылы немесе күнделік арқылы (бала арқылы берілген жазба, интернет және т.б.); мектеп вахтасында өзінің келуін тіркеу: жеке басын куәландыратын құжатты көрсетіп, аты-жөнін, келу мақсатын, кездесу жоспарланған мектеп қызметкерінің атын көрсету; мектепке «Ашық» жүйесі арқылы кіру, мұғалімдермен кездесу тек сабақтан тыс уақытта жүзеге асатынын есте сақтаңыз.
1.3. Сабақ барысында мұғаліммен кездесуге қатаң тыйым салынады, үзіліс кезінде немесе сабақ аяқталғаннан кейін кездесуге рұқсат етіледі. Ата-ананы мектепке шақырған мұғалім оны вахтада қарсы алуға және кездесу орнына, кабинетке өткізуге міндетті.
1.4. Алдын ала келісімсіз мектепке кіруге келесі жағдайларда рұқсат етіледі: мектеп әкімшілігінің қабылдау сағаттарында; ата-аналар жиналыстарында, ашық есік күндерінде, мерекелік іс-шараларда, өтініштер беру, қабылдау бөлмесінде әртүрлі анықтамалар алу.
1.5. Сыртқы киімді шешу қажеттілігіне назар аударыңыз.
Есіңізде болсын, мұғалімдермен кездесулер тек сабақтан тыс уақытта немесе оқу процесінен кейін мүмкін болады!
Мұғалімдер мен оқушыларды сабақтан шақыруға тыйым салынады!
3. Мектепке бөгде адамдарды жіберу.
1. Мектепке бөгде адамдарды жіберуге (білім беру процесін жүзеге асырумен тікелей байланысы жоқ және оқушылар немесе олардың ата-аналары (заңды өкілдері) болып табылмайтын азаматтар бөгде адамдар болып есептеледі) білім беру мекемесі әкімшілігінің келісімі бойынша ғана рұқсат етіледі.
2. Әкімшіліктің рұқсатымен бөтен адамдарды жіберу келу мақсатын мектеп вахтасында болу журналына міндетті түрде жаза отырып, келушінің жеке басын анықтағаннан кейін ғана мүмкін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |