Папка №1 нормативтік-қҰҚЫҚТЫҚ ҚҰжаттар бекітемін: Келісемін: Қаралды: «Набережный жббм»



бет4/17
Дата05.02.2024
өлшемі195.5 Kb.
#490809
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Папка №1 Сынып жетекшінің құжаттары (2)

4. Сынып жетекшісінің міндеттері
Сынып жетекшісі міндетті:
4.1. Оқушылардың үлгерімі мен жалпы даму динамикасына жүйелі талдау жасау.
4.2. Сыныпта оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру; оқушыларды сынып және мектеп ұжымдарының жүйелі қызметіне тарту, оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін, олардың отбасы мен мектептегі өмір сүру жағдайларын зерделеу.
4.3. Оқушылардың дамуы мен мінез-құлқындағы девиантты көріністерді уақтылы бақылау және анықтау, қажетті педагогикалық және психологиялық түзетуді жүзеге асыру, ерекше қиын және қауіпті жағдайларда бұл туралы мектеп әкімшілігіне хабарлау.
4.4. Тәрбиеленушілерге олардың өткір өмірлік проблемалары мен жағдайларын шешуге көмек көрсету.
4.5. Оқушыларды әлеуметтік, психологиялық және құқықтық қорғауды ұйымдастыру.
4.6. Сыныпта тәрбие процесін ұйымдастыруға пән мұғалімдерін, оқушылардың ата-аналарын, басқа салалардың (ғылым, өнер, спорт, құқық қорғау органдары және т.б.) мамандарын тарту.
4.7. Салауатты өмір салтын насихаттау.
4.8. Оқушылардың ата-аналарын (заңды өкілдерін) олардың жетістіктері немесе сәтсіздіктері туралы үнемі хабардар етіп отыру.
4.9. Сыныптық ата-аналар комитетінің қызметін басқаруды жүзеге асырады.
4.10. Өз сынып оқушыларының оқу сабақтарына қатысуын бақылау.
4.11. Оқушылардың үлгермеуін болдырмау және оқуға уақытылы көмек көрсету мақсатында сыныпта жұмыс істейтін пән мұғалімдерінің жұмысын үйлестіру.
4.12. Сынып жетекшілігі бойынша өз қызметін мектепте қабылданған тәрбие жұмысын жоспарлауға қойылатын талаптарға сәйкес жоспарлау.
4.13. Сынып сағаттарын және сабақтан тыс және мектептен тыс іс-шараларды үнемі өткізіп отыру.
4.14. Сынып бойынша құжаттаманы жүргізу (білім алушылардың жеке істері, сынып журналы, білім алушылардың күнделіктерін тексеру), сондай-ақ тәрбие жұмысы бойынша (сыныптағы тәрбие жұмысының жоспары, есептер, оқушының жеке басын зерделеудің жеке карталары, анықтамалар, мінездемелер, тәрбие іс-шараларын әзірлеу және т.б.).
4.15. Педагогика және психология, заманауи тәрбиелік және әлеуметтік технологиялар саласында өз біліктілігін арттыру. Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігінің жұмысына қатысу.
4.16. Мектеп әкімшілігінің талабы бойынша сынып және өз жұмысы туралы әртүрлі нысандағы есептерді дайындау және ұсыну.
4.17. Қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтау, сыныптан тыс, мектептен тыс іс-шараларды өткізу кезінде балалардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету.
4.18. Жеке және қоғамдық өмірде оқушыларға үлгі болу, жеке мысалда адамгершілік мінез-құлық үлгілерін көрсету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет