Параграф 21-22 Параграф 21. Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жетісу алатауы және Тянь-Шянь


молибден мен вольфрам кен орындары



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата21.12.2023
өлшемі182.72 Kb.
#487383
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Параграф 21-22-1

молибден мен вольфрам кен орындары.
Уран кен орындары
. Қазақстанда дүниежүзіндегі уранның ең ірі шикізат базаларының бірі 
(дүниежүзіндегі уран қорының 19%-ын құрайды) орналасқан. Елімізде уран, негізінен, Шу-
Сарысу (Созақ, Мыңқұдық), Сырдария (Қорасан), Солтүстік Қазақстанда өндіріледі. 
Қымбат бағалы металдардың 
ішінде Қазақстан аумағында ен кең таралғаны алтын кені 
болып табылады. Қазакстан алтын өндіру жөнінен ТМД-да Ресей, Өзбекстан, Қырғыз 
Республикасынан кейін төртінші орынды алады. Алтын өндіретін 30 кен орынның ішіндегі 
ең ірілері: Солтүстік Қазақстандағы 
Васильков
, Қалба тауындағы 
Бақыршық
, Оңтүстік 
Қазақстандағы 
Ақбақай (Шу-Іле таулары), 
Батыс Қазақстандағы 
(Мұғалжар тауы) 
Юбелейно
е кен орындары. 
Түсті металл кен орындары.
Алюминий жеңіл, 
серпінді және иілгіш металл. Алюминий алатын ең басты кен боксит
Боксит кені қорының 90%-Fa жуығы 
Қостанай облысы аумағында Тұран тақтасының 
шегіндегі Торғай қолатында
шоғырланған (22 кен орны бар). Еліміздегі ең ірі боксит кен 
орнына барланған қоры 200 млн т болатын 
Краснооктябрь кеніші 
жатады 
Мыс кен орындары.
Мыс кенін өндіру мен балқыту, негізінен, Орталық жөне Шығыс Қазақстанда жүргізіледі. 
Ірі кен орындарына 
Жезқазған, Қоңырат, Бозшакөл, Николаев, Саяқ 
т.б. кен орындары 
жатады
Қорғасын мен мырыш кен орындары.
Қорғасын мен мырыш табиғатта кебіне бірге кездесетін металл косылыстары болып 
табылады. Құрамында 
қорғасын, мырыш т.б. 
элементтер бар кен полиметалл деп 
аталады. Полиметалдардың негізгі кен орындарына 
Орталық Қазақстандағы Жәйрем, 
Шығыс Қазақстандағы Алтай, Риддер-Сокольный, Тишинск, Белоусов, Жезкент, Орлов, 
Оңтүстік экономикалық аймақтағы Шалқия, Мырғалымсай, Ащысай 
т.б. жатады. 
Дүниежүзінде Қазақстан қорғасын қоры женінен екінші, мырыштан үшінші орын алады. 
Кенсіз пайдалы қазбалар.
Республика өнеркәсібіне қажетті кенсіз пайдалы қазбалардың барлық түрлері Қазақстан 
аумағында кездеседі. Мысалы, құрылыс материалдарының негізін құрайтын ұлутас 
Маңғыстау облысындағы Жетібай, гранит Ақмола облысындағы Вишнев, Алматы 
облысындағы Күрті, мәрмәр Алматы облысындағы Текелі, Қостанай облысындағы 
Комаров, Жамбыл облысындағы Қордай кен 
орындарында өндіріледі. 
Фосфорит кені 
тыңайтқыш өндіруге қажетті шикізат болып табылады. Фосфордың қоры 
женінен Қазақстан Мароккодан кейін екінші орын алады. Ірі кен орындары Жамбыл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет