25
Қазақ тарихы
№9 (186), қыркүйек, 2020
Тастанбек СӘТБАЙ,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің қауымдастырылған профессоры,
тарих ғылымдарының докторы
ХАЗРЕТӘЛІ ТҰРСЫН: ПЕДАГОГ, ҒАЛЫМ, АЗАМАТ, ІНІ-ДОС
бЕлгілі ТАрихШы хАзрЕТӘлі Тұрсын – 60 жАсТА!
КСРО-ның ыдырауы бұрынғы Кеңес респуб ли-
калары қоғамдық ғылымдарының, оның ішінде тарих
ғылымдарының дамуына мүмкіндіктер ашты. Жаңа
тарихи жағдайда тарих ғылымындағы дәстүрлі тарихи
мектептердің стереотиптерінен ада, жаңа да жар-
қын есімдер шыға бастады. Соңғы онжылдықтарда өт-
кен Қазақстан тарихшыларының басқосуларындағы
бейресми пікір алмасулардан түйгеніміз – Қазақ -
стан тарихы ғылымындағы сондай жарқын есімдердің
бірі Хазретәлі Маханұлы Тұрсын екенін бүгінде оның
бұрынғы оппоненттері де мойындайды. Әріп тес терінен
мұндай баға алу оған оңай тиген жоқ. Он дай дәрежеге
ол қайтпас қажырлылығы мен ғы лым ға деген адалдығы,
мінезімен жетті. Мұны баса көрсетіп отырған себебіміз
– Тәуелсіздіктің алғашқы онжылдықтарында «жаңа
мүмкіндіктермен» қатар ғылыми дәреже алу жолын да
жанталасқандардың, «жеңілдің асты, ауырдың үстімен»
оңай олжа қуған дардың заманы басталғаны да шындық.
Бүгінде олар отандық ғылымның ең жағымсыз көрінісі
болып қалуда...
Достарыңызбен бөлісу: |