27
Қазақ тарихы
№9 (186), қыркүйек, 2020
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНҒА ЖЕР АУДАРЫЛҒАН ҚАРАШАЙЛАР
Дархан АСҚАРҰЛЫ,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінің 1курс докторанты
КүШТЕп жЕр АудАрылҒАндАр
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы ха
лықтардың күштеп жер аударылу тарихы – кеңес
тарихының маңызды бір бөлігі. Кеңес өкіметінің
«жазаланған» халықтарды жер аударуының шыр-
қау шегі 1944 жылға сай келді. Солардың бірі –
Солтүстік Кавказдан ең алғашқы болып жаппай жер
аударуға ұшыраған түркі тілді халық – қарашайлар
еді. Олардың үлкен бір бөлігі Оңтүстік Қазақстанға
қоныстандырылды.
Оңтүстік Қазақстан облысы – негізінен жеңіл өнер-
кәсіп пен ауыл шаруашылығына басымдық берілген
аймақ. Жазы аса ыстық, қысы қысқа, бірақ ылғалды,
аязды. Соғыс жылдарында ауылды жерлерде баспана
негізінен жергілікті құрылыс материалынан салынған,
төбесі тегіс там үйлер еді. Отырықшы егіншілік басты
орынды иеленген өлкеде елдімекендер арасы өте
жақын орналасқан болатын. Халқы тығыз орналасқан
оңтүстік аймаққа соғыс жағдайында бірнеше кезең-
де әкелінген арнайы жер аударылған халықтарды
қоныстандыру, олардың тұрмыстық, шаруашылық,
еңбек қажеттіліктерін қамтамасыз ету оңай шаруа
емес еді.
Достарыңызбен бөлісу: |