Ақылдастар алқасы: Х.Әб жа нов, М.Қойгелдиев, Т. Омар бе ков


Қарашайларды  жер  аудару  1943  жылы  бас­



Pdf көрінісі
бет113/299
Дата02.01.2022
өлшемі1 Mb.
#452020
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   299
9-20

Қарашайларды  жер  аудару  1943  жылы  бас­

талды. Сол жылы қыркүйек айында КСРО ішкі істер 

халық  комиссарының  орынбасары  С.Н.Круглов  «Қа-

рашай  автономды  облысынан  келушілерді  Қазақ 

және  Қырғыз  КСР  жерінде  орналастыру  жоспарын» 

одақ тас республикалардың құзырлы органдарына жө-

нелт  ті. Бұл құжат бойынша барлығы 15000-16000 от-

басы, оның ішінде: Қазақ КСР-ның Жамбыл облысы  на 

– 5000 отбасы, Оңтүстік Қазақстан облысына – 6000 

отбасы,  Қырғыз  КСР-ның  Фрунзе  облысына  –  5000 

отбасы  жер  аударылып,  орналастырылатын  болды 

[1,  309-б.].  Бұл  жоспар  негізінде  жер  аударылып 

ке лу шілерді  жергілікті  совхоз  бен  колхоздарға  ор-

наластыру,  кейбір  колхоздарды  өзара  біріктіріп, 

бо  саған  елді-мекендерде  жер  аударылғандардың 

тұ  тас  колхозын  құру  да  қарастырылған  еді.  Уақыт-

ша  орналастырылатын  баспана  есебіндегі  ғима рат-

тар ды  қысқы  жағдайға  бейімдеу,  жөндеу  ісінің  де 

нұсқаулықтары берілді. 

1943  жылы  9  қазанда  Мемлекеттік  Қорғаныс  Ко-

митетінің  бұйрығы  негізінде  ҚК(б)П  ОК  хатшысы 

Н.Скворцов  пен  Қазақ  КСР  ХКК  төрағасының  орын-

басары  А.П.Заголовьев  ҚК(б)П  Оңтүстік  Қазақстан 

облыстық партия комитетінің хатшысы Н.А.Нечаевқа 

директива жолдады [2]. Онда қараша айында Оңтүстік 

Қазақстан облысына Солтүстік Кавказдан 7000 отбасы, 

шамамен 25 000 адам жер аударылып әкелінетіндігі 

айтылды. Сонымен қатар жер аударылып келушілерді 

қабылдап алу, орналастырудың облыс басшылығына 

төмендегідей  міндеттемелері  көрсетілген:  эшелон-

дарды  күтіп  алу  орнында  адам  мен  жүкті  тасу 

үшін  автокөлік  пен  арбалы  ат-көліктердің  болуын 

қамтамасыз ету; келушілерді бос ғимараттарға, жер-

гілікті  халық  баспанасына  жеке  бөлме  ұсыну  ар-

қылы  орналастыру;  орналастырылатын  колхоз,  сов-

хоздарда  жер  аударылғандарды  жұмыспен  қамту; 

әр  арнайы  жер  аударылған  отбасыға  мүмкіндігінше 

үй жанынан бақшалық жер телімін беру, егер жүзеге 

асыру тиімді және мүмкін болса келушілер құрамынан 

жеке  колхоздар  ұйымдастырып,  оларға  ауыл  ша-

руашылығы құрал-саймандарымен көмек көрсету.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   299




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет