Ұлы Отан соғысы жылдары халықтарды
күштеп жер аудару саясатына ұшыраған ұлт
тардың бірі – шешендер. Шешендерді күштеп
жер аудару 1941 жылдың тамыз айының аяғынан
басталып, 1948 жылға дейін жүргізілді [1, 387-б.].
1944 жылдың 7 наурызында КСРО Жоғарғы Кеңесі
Президиумының Шешен-Ингуш АКСР-ын жою туралы
жарлығы шықты. Қоныс аударылғандардың алғашқы
легі Қазақстандағы жаңа тұрақтарына 1944 жылдың
наурыз айының ортасында келді. Осында жіберуге
жоспарланған 344 589 адамның 16 565-і – Жамбыл
облысына, 29 089-ы – Алматы облысына, 34 167-
сі – Шығыс Қазақстан облысына, 20 808-і – Оңтүстік
Қазақстан облысына, 39 542-сі – Солтүстік Қазақстан
облысына – 20 309-ы – Ақтөбе облысына, 31 236-сы
– Семей облысына, 41 230-ы – Павлодар облысына,
37 938-і – Қарағанды облысына орналастырылды.
Оларға 1944 жылдың ақпанынан кейін әскер
қатарынан босатылған мыңдаған шешендер мен
ингуштар қосылды. Жалпы, 1945 жылғы мәлімет
бойынша елімізде барлығы 406 375 адамды құраған
89 901 шешен және ингуш отбасылары өмір сүрген [2,
252-253-бб.].
Достарыңызбен бөлісу: |