32
Қазақ тарихы
№9 (186), қыркүйек, 2020
облысына – 1285, Гурьев облысына – 1322, Батыс-
Қазақстан облысына – 500, Қарағанды облысына
– 2255, Қызылорда облысына – 6467, Қостанай
облысына – 720, Солтүстік Қазақстан облысына –
1500, Оңтүстік Қазақстан облысына – 1698 отбасы.
20 530 шаруашылықтың 3530-ын кәсіпорындар мен
мекемелерде орналастыру жоспарланған. Іс жүзінде
кәсіпорындар мен мекемелерде 1938 жыл дың 15
мамырына қарай 6165 шаруашылық, яғни, 2635 ша-
руашылыққа артық орналастырылады [3, 10-11-пп.].
1938 жылы 17 ақпанда Ішкі істер халық ко-
миссариатының Қоныстандыру бөлімі бастығының
атына берілген кәріс қоныстанушыларын орна-
ластыру туралы мәлімдемеде Қазақстанға барлығы
20 789 кәріс отбасы немесе 98 454 адам келгендігі
айтылады. Оның ішінде Ақтөбе облысына 1 744
отбасы немесе 7 666 адам, Батыс Қазақстан об-
лысына – 1 950 отбасы немесе 9 017 адам орна-
ластырылған [4, 63-64-бб.].
Жер аударылған кә-
ріс тердің көбі Гурьев облысына орналастырылған.
Қазақстан Коммунистік партиясының Гурьев округтік
комитеті бюросының 1937 жылғы желтоқсан айына
тиесілі қаулысына сай 1266 кәріс отбасы келген.
Олар негізінен балық зауытына, Теңіз және Гурьев
ауданының колхоздарына орналастырылды [5, 1-п.].
1937-1939 жылдары Қазақстанға әзірбайжандар,
күрдтер, түріктер, армяндар және КСРО-ның шек-
аралас аудандарында тұрған басқа да халықтар жер
аударылды [1, 380-б.].
Достарыңызбен бөлісу: |