соғыс қарсаңында алғашқылардың бірі бо
лып немістер де жер аударылды. «Поволжья ау-
дандарында тұратын немістерді жер аудару туралы»
тиісті органның 21-160 нөмірлі жарлығы 1941 жылы
28 тамызда шықты. Л.Берияның жазбаша нұсқауы
бойынша қоныс аударылған немістердің көпшілігін
Қазақстанға орналастыру көзделді. 1941 жылдың
25 қазанына қарай Қазақстанда 467 мың Поволжья
немістерін қабылдау жоспарланды. Батыс аймақта-
ғы облыстардың ішінде Ақтөбе облысына 15 мың
адам орналастыру көзделсе, жойылған Поволжья
Немістерінің Республикасына жақын жатқан майдан
шебіндегі Гурьев және Батыс Қазақстан облыстары-
на қоныс аударылған немістер жіберілмеді. Жоғары-
да айтылған 467 мың немістердің республикаға іс
жүзінде 420 мыңы ғана келді [2, 196-б.].
Немістерді
жер аудару 1942 жылы да жалғасқандығы бел-
гілі. Жергілікті мұрағат деректеріне сүйенсек, Ақ-
төбе облысына 1941 жылдың өзінде 1750 неміс от-
басылары қоныстандырылған [6, 45-46-пп.].
Достарыңызбен бөлісу: |