33
Қазақ тарихы
№9 (186), қыркүйек, 2020
қАзіргі зАмАн: ТАрих жӘнЕ қОҒАм
ТҰҢғЫШ ПРЕЗИДЕНТТІҢ ЖАСТАР САЯСАТЫ
Шәкизат ҚАРАТАЙҰЛЫ,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университетінің
тарих мамандығының ІІ курс магистранты,
Минсара ҚАРАМАНОВА,
ғылыми жетекші,
тарих ғылымдарының кандидаты, доцент
Қазақстан мемлекеттілігін құрудың бастауында
тұрған және демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет ретінде егемен Қазақстанды
дамытуға аса зор үлес қосқан – Қазақстан Рес-
публикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы [1].
Н.Ә.На зарбаев – 1991 жылдың 1 желтоқсанында
бі рінші бүкілхалықтық сайлауда сайланған Қазақ-
станның Тұңғыш Президенті. Оның тұлғасы ел өмі-
ріндегі тұтас дәуірді белгілейді.
Нақты істерді атқаруды, барлық жүйеде ор-
нық тылықты сақтауды, стратегиялық жос пар лау
мен кезең-кезеңмен дамуды көз д еген Ұлт көшбас-
шысының мұндай праг матикалық ұстанымы отыз
жылға жуық уақыт ішінде еліміздің мемлекет құрып,
таң ғаларлық нәтижеге қол жеткізуіне мүмкіндік берді.
Әрине, мұны жасаған да, авторы да – Нұрсұлтан
Назарбаев [2].
Достарыңызбен бөлісу: |