Орта мектепті бітіріп, білікті маман болғысы
келген кез келген өреннің арманы шетелдің
беделді жоғары оқу орындарына түсіп, сапалы
білім алу екендігі анық. Ал 1 жылдық оқу құнының
өзі бірнеше ондаған мың доллар болатын Окс форд,
Кембридж, ММУ сынды университеттерде бала-
сын оқытуға ата-ананың қалтасы көтермейтіндігі
айтпаса да түсінікті жайт. Бірақ, Тәуелсіздіктің
елең-алаңынан-ақ мұндай шетелдік беделді оқу
орындарында жастарымыздың білім алуына жол
ашылды. Оған ҚР Тұңғыш Президенті – Ел басы
Нұрсұлтан Назарбаев құрған «Болашақ» бағ дар-
ламасы мүмкіндік берді.
Бағдарлама ел экономикасының басым сектор-
лары үшін кадрлар мен мамандар даярлау мақ-
сатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пре-
зиденті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1993
жылғы 5 қарашадағы қаулысымен құрылған. Бұл
ака демиялық оқудан (магистратура, докторантура),
сондай-ақ әлемнің жетекші компаниялары мен уни-
верситеттерінде ғылыми-өндірістік тағылым да ма-
дан өтуді қамтиды. Осы уақыттың ішінде «Бо ла-
шақ» бағдарламасы еліміздің стратегиялық ба сым-
дықтарына негізделе отырып, дамудың бірнеше
кезеңдерінен өтті.
Халықаралық бағдарламалар орталығының де-
рек теріне сәйкес, түлектердің 40 пайыздан астамы
экономиканың шынайы секторында, 20 пайызы бі-
лім және ғылым саласында, 7 пайыздан астамы
медицина мен денсаулық сақтау саласында жұмыс
істейді. Тұңғыш Президентіміздің осы жастарды еге-
мен елімізді өркендетіп, заман талабына сай жаң-
ғыртуға атсалысса екен деген тілегі бар екені жа-
сырын емес.
Болашақтықтардың бастамасы бойынша «Қазақ-
стан – 2050», «Болашақ» қауымдастығы, «ҚазАльянс»
сияқты қоғамдық және студенттік қозғалыстар құ-
рылып, табысты еңбек етуде. Сонымен қатар, Пре-
зидент жанынан құрылған жас ғалымдар Кеңесі,
ғылыми Комитет, ғылым Қоры, Ұлттық зертханалар
жастардың ғылыми инновациялық зерттеу жұмыстары
мен ашылуларына жағдай жасауда.
Достарыңызбен бөлісу: |