Қажетсіз мамандардың көбейе түсуі жұмыс
сыздықгың өсуіне, жастардың бәсекелестігінің
төмендеуіне, қоғамда өз орнын таба алмауына
әкеліп соқтыруда. Жұмыссыздар ішінде жастар
тобының алар орны өте үлкен. Соңғы екі жыл ішін-
дегі экономикалық реформаларды талдау жастар
арасындағы жұмыссыздықтың өсе түскендігін көрсетті.
Сонымен бірге жастарды жұмысқа орналастыру да
төмендеп кеткен. Ресми жағынан алғанда, жас еңбек
ресурстарының саны айтарлықтай жоғары, бұл жас
жұмыссыздардың өсе түскендігін болжауға мүмкіндік
береді.
Бостандық туралы «қарғысты өткен кезеңнің» мұ-
расынан құтылу туралы ұрандарды романтикалық
қабылдаудан кейін осындай популистік қадамдардан
соң жастарға «жасыл жарық» ашылғандай, ерекше
мәселелер болмауы тиіс сияқты көрінген еді. Арнаулы
жастар саясатының орнына жастардың ғылымда-
ғы, мәдениеттегі, бос уақытындағы енді аяғынан тік
тұрып келе жатқан Қазақстандық іскерлікке еркін
шығармашылығына сүйену қажет делінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |